Беттегі қара дақтардан тез арада құтылуға арналған маска

Жарты лимонды аласызда, 1-2 тамшы бал тамызып, бетіңізге жағасыз. Әсіресе мұрынға, иек астына. Жағып болғанда қара дак көп жерге, лимонды ұстап коясыз. 5 минут өткенде салқын сумен жақсылап жуып тастайсыз.
Сіз сол сәтте нәтижесін байқай бастайсыз. Соған қоса лимон пигмент дақтарын ағартуға септігін тигізеді, ал бал бетті сəбидің терісіндей жұмсақ əрі əдемі болуына септігін тигізеді.......
Кеңестер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Қаракесектердің қалжыңы


Жазғы уақыт еді. Кешкі мезгіл. Қараңғылық енді түсе бастаған шақ. Апасы мен көкесі ауызғы бөлмеде шай ішіп отырған. Жандарында әлі мектепке бара қоймаған бұл отырды. Бір кезде ауызғы бөлменің желмен толқып, тербеліп тұрған жапқышын серпіп тастап үйге бір жұмаланған кемпірдің кіріп келгені. Кемпірдің басында өңіріне түсіріп тартып алған шашақты жаулық, үстінде жеңсіз камзол, камзолдың сыртынан белін қабаттай буынып алған, қолында талдан жонып жасалған ұзын ақ таяғы бар. Кемпірді көріп апасы мен көкесі құрақ ұшты:

- Кел! Кел, апа! Шайға кел! Жоғары шық!

Кемпір апасынан жоғары өтіп барып, көкесінен төмен отырды. Бұл келіп отырған көкесінің қарамағында байланыс бөлімінің механигі болып істейтін кісінің шешесі еді. Апасы кемпірге шай құйды. Кемпір салған жерден көкесіне қарап отырып, әңгімесін бастады.

- Қолғанат, маған пенсиямды бер! Маған ақша керегіп тұр! - деді. .....
Әңгімелер
Толық

Айлакер түлкінің ажалы

Түлкі, қасқыр, жолбарыс, түйе төртеуі жолдас болыпты. Тапқандарын бірге жинап, ұдайы бірге жүріпті. Содан кейін қыс кетіп, жаз болады, жыртқыштардың бұрынғыдан да табыстары азайып, қарындары ашады, түйе болса жегені шөп, семіреді. Бір күні түйе жайылып кеткенде, түлкі қасқыр мен жолбарысқа:

— Мына түйені жейік, – дейді.

Жолбарыс:

— Аңғал емес пе, түйе көне ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық

Айлакер қоян

Бір қоян өте айлакер екен. Байқаусызда өзін ұстап алған қасқырға да, түлкіге де айламен құтылып кетіп жүреді.
Бір күні қалың бұталы сайды аралап келе жатады да апанының аузында алқынып, шаршап отырған аюды көреді. Қалқиып қарсы алдына тұра қалады да оны мазақтап, әндете бастайды......
Ертегілер
Толық

Аурухана ашқан қазақ

Бір күні қазақ аурухана ашыпты. Ол ашқаннан кейін айтады:
- Мен барлық ауруды емдеймін, бағасы 5000 теңге, егер емдей алмасам мен саған 10 000 теңге беремін дейді. Ертеңіне орыс үйінде отырып ойлайды, мен бос жатпай ақша табайын дейді де......
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Сәкен Майғазиаев Қордабайұлы (1975 жылы 1 қаңтар)

Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Өмірбаяны
Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.

2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық