Әкенің жақсысы жездедей-ақ

(Әкем туралы бір үзік сыр немесе мақалға қарсылық)

Әкем кітап жинағанды жаны сүйетін. Таңдап түскен мамандығы математика пәні мұғалімі болса да, әдебиетті пән мұғалімдерінен артық білуші еді десем қателеспегенім болар. Алыстан келе жатқанда адамның көзі еріксіз түсетін түр-сипаты келіскен, көп ой үстінде жүретін жан еді. Қанша қатал адам болғанымен жүзінде бір жымиыс ұшқыны жан баласын өзіне тартып тұратын. Өзге кісілер балаларына ойыншық әкеліп берсе, әкем әртүрлі баспадан шыққан мұқабасы көз тартарлық, қызықты жаңа кітаптарды сыйға тартып, өзі секілді әдебиет пен өнерді бағалайтын ұрпақ болып өскенімізді қалайтын. Егде жастағы қарттармен де, балалармен де тең сөйлесіп, терең ой иесі ретінде сұхбаттасатын. Ақыл-ойы әлі толыспаған, мектеп қабырғасында оқып жүрген менен де зор үміт күтіп, әр айтқан сөзіме мән беріп, мұқият тыңдап пікір қосатын еді. Бір күні әдеттегідей қызу талқы кезінде, ойымда жүрген сауалымды ортаға салдым.

- Көке, осы бізде «әкенің жақсысы жездедей» деген мақал бар емес пе? Не үшін олай айтқан, сонда әкелердің махаббаты әлсіз бе? – деп әкеме сұраулы жүзімді аударып, ренжи қарадым. Көкем болса, аз-кем ойланып, жымиып:.....
Шығармалар
Толық

Ата-анаң тамырың

Жерге шыққы гүлдерді
Адамның аз ғой білгені
Гүлдердің ғажап өсуі
Тамырдың ғана еңбегі

Тамыры оны жеткізген
Сүйкімді гүл....
Өлеңдер
Толық

Әкеге арналған «Теріс өлең» (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ киіктен жүйрік жоқ,
Әлемнен асқан жүйріктің
Аяғын басқан міні жоқ.
Жайнап бір жүрген жан әкем,
Ұзын судың бойында,
Киімі жатыр, өзі жоқ.
Бір ауыз айтқан сөзі жоқ.
Жапанда жортқан бір түлкі,
Желігіп шықты сонарға.
Қапияда тап келді,
Ұзын бір судың бойында,
Жақсының жанын аларға.
Алыстан қара көрінер,
Жүйрік бір жетер бүгіліп.
Тоқсан күн, үш ай дегенде,
Елі бір қара жиылып,
Қара бір судың бойында,....
Өлеңдер
Толық

Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жан әкем еді қорғаным,
Мәпелеп баққан қормалым.
Тұтқиыл келіп сұм ажал,
Қайғыға терең шомғаным.
Қоймадым жастық басына,
Бола алмадым қасында.
Тұтқиыл қаза болды ғой,
Сексенге келген жасында.
Көңілімнің күні едің,
Ақылымның нұры едің.
Айрылып, әке, бір күнде,
Қайғыдан әбден жүдедім.....
Өлеңдер
Толық

Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

«Ау» деп басталатын әліппенің әуел сөзінен,
Кім құтылар Алланың қойып қойған тезінен.
Кешеде жүрген жан әкем,
Ғайып бір болды-ау көзімнен.
Сөзімнің басы биссимилла,
Шерліден досым сөз тыңда.
Иманды болғыр, жан әкем,
Ақылың айтқан мың ділдә.
Құдай салды, біз көндік,
Қызыл тілім, қимылда.
Жолыңа құрбан болар ем,
Келмейсің ғой мың жылда.
Пайғамбар аты Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Айрылып асқар белімнен,
Басыма түсті қиын іс.....
Өлеңдер
Толық

Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әкеден бала жас қалды-ау,
Ақылдан бәрі бос қалды-ау.
Бісміллә деп бастайын,
Көңілді жаспен басайын.
Иманды болғыр, сабазым,
Зарымды айтып сарнайын.
Сабазым еді ақ маңдай,
Жоқтаушы енді жез таңдай.
Ұжымақтан болсын орныңыз,
Шариғат жолы айтқандай.
Кесте тіктім ершімдеп,
Ою салдым өрнектеп.
Алладан ажал келді ме,
«Орта жаста алсын» деп.....
Өлеңдер
Толық

Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бісміллә еді сөз басым,
Айтсам бір келер көз жасым.
Кетіпті-ау әкем келмеске,
Иманың болсын жолдасың!
Бір пайғамбар Нүсіп-ті,
Басынан сұңқар ұшыпты.
Кеше де жүрген әкешім,
Қара жерге түсіпті.
Имансыз ауыз ашпаған,
Дәретсіз жерді баспаған.
Иманды болғыр әкем-ай!
Артына бізді тастаған.
Әкем келді сексенге,
Жылайын жұртым сөксең де.
Әкемдей, шіркін, жан тумас,
Алтын мен күміс ексем де!
Мұңы бар адам жылап тұр,
Мұңы жоқ адам сынап тұр.....
Өлеңдер
Толық

Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3A Сақтар(12 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды? 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі рулар, тайпалардың пайда болуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы, шаруашылығы,тарихи кезеңнің зерттелуі туралы біледі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.2.1 – сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3A Сақтар(12 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды?
Сабақтың мақсаты: Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі рулар, тайпалардың пайда болуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы, шаруашылығы,тарихи кезеңнің зерттелуі туралы біледі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.2.1 – сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Батырлар әкелген бейбітшілік заман

Міне, сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл. Сол бір кезде батырлық пен төзімділікті паш етіп, тарихта мәңгілік қалатын күн. Сол сұрапыл соғыс 1941-жылы 22-мамыр күні таң алдында басталды. Сол жылдары біздің халқымыз көп қиын күндерді бастарынан өткізді. Барлық соғысқа жарамды ер азаматтар соғысқа аттанды. Ал, әйелдер соғысқа аттанған азаматтардың тамағы мен киімдерін жеткізіп тұрды, ерлердің істейтін ауыр жұмыстарын істеді. Ұлы Отан соғысының тарихына үңілсек, жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі зор екендігін байқаймыз. Майданға Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды.
Соғыстан 394 мың қазақ сарбазы қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы – қасірет әкелмеген отбасы кемде – кем. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Сұрапыл соғыс 1945-жылдың 9-мамырына дейін жалғасты. Елін, жерін, халқын қорғаған ержүрек батырлардың арқасында біз бейбітшілік заманға жеттік. Фашистік Германия тізе бүкті. 500-ге жуық жерлесіміз батыр атанып, аттары аңызға айналды.
Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабул жасауға қатысты. Оның төбесіне Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы - Рақымжан Қошқарбаев тікті. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бегильдиновтың және көптеген жерелестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды. Біздер олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз! Мен, әрине, соғысты ұнатпаймын, қаншама адам қан төгіп, көз жұмады. Қазіргі таңда еліміздің тыныштығын сарбаздар қорғайды. .....
Шығармалар
Толық