Қазына, дәулет, байлық, молшылық

Дәулетіне қарай сәулеті.

Дәулетті ел — сәулетті.

Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

Еңбексіз құраған дәулет,
Емсіз жабықсан дертпен тең.

Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ-әулетің молығар.

Келген - дәулет, кеткен - бейнет.

Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.

Келген дәулет, кеткен мехнат бәрі бір.

Адыра қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жұрт, қауым, халық, әлеумет, жамағат, халайық, ел

Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.

Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.

Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.

Күйінбеген жұрт күйдірген кезінде,
Құтқарады өзгені де, өзін де.

Ауыл болсаң - қауым бол.

Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.

Ауыл болсаң, қауым бол,
Көрші болсаң, тату бол.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қырсық, бәлекет

Қырсыққанның иті қырын жүгіреді.

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Қырыққа жетті –
Қырсыққа жетті.

Қыңыр іс қырық жылдан кейін де білінеді.

Қыңыр қызға күбір сөз ілескіш.

Қисық ағаш үй болмас,
Қыңыр жігіт би болмас.

Жайсаң жігіт болғаның,
Жолдасың арқасы.
Қайсар жігіт болғаның
Қолбасыңның арқасы.

Мақал-мәтелдер
Толық

Шайтан, жын, сайтан, пері, ібіліс, албасты

Асыққан шайтанның ісі.

Шатынаған көзге шайтан ғана шалынар.

Үмітсіз шайтан.

Шайтанға сабақ үйреткен.

Шайтанға санын соқызған.

Оның тәніне шайтан кірген.

Шапалақ жесе, шайтан да ауырады.

Шайтан азғырса, арық аттамай-ақ аяғың сынады.

Бейтаныс кісіден таныс шайтан артық.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ұрыс, дау, талас, жанжал, керіс, дау-дамай, шайқас, тайталас

Жақсы әйел – ырыс,
Жаман әйел – ұрыс.

Ерлі-байлы ұрысар да, керісер,
Көрісер де келісер.

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Екі қатын ұрысса, ұрлығы мен қарлығын айтар.

Әскерлік оқудан бейнет көрсең,
Ұрыста қиналмайсың.

Өз үйінің жиырма күн иесі болса,
Бір күн ұрысы болады.

Керістен ұрыс басталар.

Қырсызбен ұрыссаң да,
Арсызбен ұрыспа.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ас, тамақ, азық-түлік, тағам туралы

Жаманға ас берсең,
Үйіңнен шықпайды.
Өліге ас берсең,
Түсіңнен шықпайды.

Сарқытта сыпа да, шыпа да бар.

Халық айныса, хан түзейді,
Май айныса, тұз түзейді.

Асың бар ма арпадай,
Асып жеуге келгенде,
Сары аяқ семіз марқадай.

Көже деген тоқ ас,
Түре келсең жоқ ас.

Еңкейген екі асайды,
Еңсесі түскен бір асайды.

Мақал-мәтелдер
Толық

Байлық

Байда пейіл болса,
Кедейде мейір болады.

Байдың малы ортақ.

Байдан жұғар, балдан тамар.

Бай - жарлының бақташысы.

Дәулеттінің дәмімен.

Түгін тартса, түбінен май шығады.

Байдың малы ардақты,
Жарлының жаны ардақты.

Жүзді айдап, бірді жетелеген.

Басытқыға бал ішкен,
Сусынына шай ішкен.

Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ағайын, тума, туыс, туысқан

Ағайын татуда ат көп,
Абысын татуда ас көп.

Ағайынға қарап мал өсер.

Ағайын мен жекжат арасын,
Майына мінген ат айырады
Немесе оқымаған бата айырады.

Екі ағайынды жігіттің,
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің,
Шығар-шықпас жаны бар.

"Сіз", "біз' деген жылы сөз, ағайынға жарасар.

Көсеуің ұзын болса, күймес,
Ағайының көп болса, ешкім тимес.
Мақал-мәтелдер
Толық

"Тиіссе, аямаймын": Керімбекова Гүлзира Айдарбековамен қырылып қалғанын айтты

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ақбота Керімбекова Қайрат Нұртастың анасымен қатты ұрысып қалған кезін есіне алды. Әнші мен Гүлзира Айдарбекова кезекті концерт алдында қырылысып, бір-біріне ауыр сөздер айтып қойған. Өнер иесі туындаған келіспеушілікке қатысты бар шындықты айтып, өзіне тиіскен адамды ешқашан аямайтынын жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова мен Гүлзира Айдарбекованың жанжалы туралы "Дастархан шоу" бағдарламасында белгілі болды. Эстрада өкілі ағынан жарылып, бұған дейін орын алған дауды егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді.....
Жаңалықтар
Толық