Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Затобол ауданында туған. Ыбырай Алтынсариннің өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол ұлы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Балғожа би өзінің сүйікті немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға береді. Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде 52 орысша білім алуын жақтаған, өз кезінде прогресшіл адам болған. Ыбырай Алтынсарин мектеп білімімен қанағаттанып қалмай, дүниежүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, одан үлгі нәр алады. Сабақ берген шығыс зерттеушісі В.Григорьевтің үйінде жиі болып, оның кітапханасынан көркем әдебиет, тарих, философия кітаптарын үнемі оқып, білімін тереңдетеді. Оқуын үздік бітіргеннен кейін, Ыбырайға Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашуды тапсырады, сол мектепте оны орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады.

Мәтіндер
Толық

Байланыс құралдары

Байланыс – 1) әртүрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау; 2) почта, телефон, телеграф, радио, т.б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салт атты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, техникалық жетістіктерге орай байланыс құралдары жетіле түсті. ХVІІІ ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. ХІХ ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы – сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы – телефон, 1895 жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай байланыс почта және электрлік байланыс болып бөлінеді. Почта байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады. Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік байланыс құрылымы бойынша сым ар- 21 қылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі – факсимильді байланыс (фототелеграфия).

Мәтіндер
Толық

Тәуелсіздікке 29 жыл!

Ел боламын десең, бесігіңді түзе «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев). Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан....

Эсселер
Толық

Цитоплазма органоидтары: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі

Химия-биология апталығы: «Жаратылыс ғажайыптары – ғылымдар әлемінде»

    Ашық сабақ тақырыбы: Цитоплазма органоидтері: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі

 Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Оспанова Ұ

Сыныбы: 10 «А»

2018/2019 оқу жылы

Әдістемелік жұмыстар
Толық

Әдістемелік жұмыс. "Әлемді биология арқылы таны" сайыс жоспары

Арал қаласы, Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі

Химия-биология апталығы «Табиғаттың құпиясы тұңғиық

                                         Көз жетпейтін мұнарасы тым биік»

Сыныптан тыс жұмыс. Ұйымдастырушы: химия-биология пәні мұғалімі   Ұ.Оспанова

Қатысушы сыныптар: 8-сынып оқушылары

Болатын уақыты: 20 қазан. 2020 жыл. Сағ: 10-30

Әдістемелік жұмыстар
Толық