Баршаңызға мүбарак, Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл – сүйікті Отанымыз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Дәл осы айтулы кезеңде егемен еліміз Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының тізгінін қолға алып, қазақтың байтақ даласының шежіре-тарихы Исламмен біте қайнасып жатқандығын дүйім жұртқа паш етуде. Осынау мәртебелі қызметте елімізге Алла Тағаладан зор абырой нәсіп етуін тілейік. Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айдың басты ерекшелігі, Алла Тағала Исламның бес парызының бірі болған оразаны осы айда ұстауды парыз етті. Екіншіден, адамзат баласын тура жолға бағыттайтын, ақиқат пен жалғанды, сауап пен күнә арасындағы парықты айқындап беретін қасиетті Құран осы айда түсірілді. Сондықтан....
Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады. Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден ....
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырды. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белседі қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі; Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді. Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайда тиянақты аудит жүргізуді талап етеді. ....
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыла-рымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады. Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ. ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi. Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951 ж. “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды. 1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк эстафеташылар жарысында күмiсґж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлденi иемдендi. ....
Қазіргі кезде инфекциялар аурулар кең етек алуда. Олардың ішінде туберкулез, СПИД, оба, түйнеме және т.б. бұл аурулардың көбеюі көптеген адамдардың өміріне қауіп туғызуда. Тек қауіп туғызып қана қоймай, олардың көптеген өмірлерін алып кетуде. Осыған байланысты бұл аурулардың алдын-алу үшін, вакциналар тегін салынуда, сонымен қатар бұл ауруларды емдеу тегін. Мысалы: туберкулез. Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз «Жалпы инфекциялық аурулар жайында».....
Гимнасттардың жоғарғы квалификациялық даярлық процесі жаңадан келген гиманстан мемлекетаралық спорттық шебер дәрежесіне дейінгі көп жылдық жолын айтады. Арнайы жүйелі сабақтардың басталуынан бастап, спорт шебері деңгейіне дейінгі оптималды мерзім әйелдерде орта есеппен 5 – 7 , ер кісілерде 7 – 9 жас құрайды. Бүкіл гимнастикалық практиканың кезеңі 15 – 20 жыл қатарынан созылуы мүмкін. Гиманстарды дайындығын кезеңін, мерзімін анықтаудың критериі дүние жүзінің ең күшті гимнастарының ең жоғарғы күрескішінің нәтижесі мен жетістікке жетуге жұмсалған уақыттың орта есеп, облып табылады. Гимнастарды көпжылдық даярлық концепциясы сабақты жүргізуде бағдарламалық нормативті талаптарға және ұйымдастырушылық формасын қарастыратын ортаны құралдармен әдістер жүйесі туралы мағлұматқа негізделген. Гимнастиканың жаңа , едәуір жоғары спорт ретінде дамуы және сәйкесінше жаңа білім деңгейі оны басқару жүйесі ретінде қарастыруды қажет екендігін анықтайды. Басқарудың жалпы түрі объектінің күнгі өзгерту мақсатымен бағытты әсер етуді қарасытырады. Гимнастикада басқару объектінің мақсатына байланысты тұтастай спорт түріне дамытуға немесе елдің жиындық командасын даярлау деңгейінде немесе тренердің гимнастар тобымен жұмыс жасау шегінде оқытуға бағытталған процесс ретінде қарастыруға болады. Басқару талап етілген уақытына қажетті нәтижелерді негізгі күтуді білдіреді. Шындығында егер спорттың даму заңдылықтары туралы білімге сүйенер болсақ, даярлықтың прогрессивті құралы мен әдісін қолдансақ ұйымдастырушлық формалары дұрыс жүргізсек спортсменнің шеңберліктің биік шыңына жету жолындағы оқиғалардың сұрағын құбылыс ағымын жоюға толық негіз бола алады. ....
Пайғамбарымыз ﷺ Рамазанның соңғы он күнінде Мәсжидун-нәбәуиде иътикафқа отыратын-ды. Тіпті деректерде мешіттің ішінде шатыр тігіп парыздан соң зікір, құлшылық және Құран оқу үшін осы шатырға кіретіндігі риуаят етіледі. Мінекей осы сәттерде мынадай бір жағдай болағанын Әбу Зәрр жеткізеді: «Рамазанның соңғы он күні болғанда Алла елшісі мешітте иътикафқа отырды. (Рамазанның) 22-сіне сәйкес келетін дүйсенбі күні екінті намазын өткізіп сосын былай деп хабарлама...
1.1. Аграрлық секторда топырақ ресурстарының маңызы. Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмесфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер микроорганизмдер мен жануарлар арасвндағыайналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір – бір мен тығыз байланысты. Топырақтың табиғи ландашфаттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құблысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бүл қабат топырақтың ең белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылми анықтама берді, ол:топрақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарм – қатынас деп көрсетті. ....