Күләш Ахметова (Өткен ғасырда өмір сүрген ақын әйелдің айтқаны)

Тірлік, тірлік, тіріде қол босар ма?
Жағдайыңа қарайлау болмас онда.
Қөңілі түссе біздерді ақын ғой деп,
Ерлер сапқа қосады анда-санда.
Көңіл бөлсе бізге де егер ерек,
Жайқалар ек, жас талдай көгерер ек.
Еркектері мақтаншақ, жалқау қазақ,
Ақын әйел сендерге неге керек?
Жүру керек басынан азабы асып.
Мақсаты боп таза орын, таза қасық.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Құс қайтқанда)

Жырға ораушы ең, қаласаң, құла түнді,
Қабақ түйсең, қара жел тұратын-ды.
Жақсы көрген кезіңде дүниені
Жанарыңа жасыл жас тұнатын-ды.
Ерлік жырмен шығардың шын атыңды,
Ескіртпедің ежелгі мұратыңды.
Елі-жұртың іздейді енді бүгін......
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Сол тойда қырғыз жыршыларының айтқаны)

[quote]X а л ы қ а қ ы н:
Бұғы сайлаған елден келдім,
Қошқар жұмқал жерден келдім.
Атасызды ұққанменен,
Алтын жүзік көрмеп едім,
Шертпегімді тағынып келдім.
Сірә болмаса қағылып келдім.
Қазақ пен қырғыз туысқан
Өмілдірік - құйысқан.
Кенехан мен Орманхан
Надандықтан ұрысқан.
Мынау жорға ат әкелдік,
Ер - тұрманын сап келдік.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Құдасының айтқаны)

[quote]Ей, құда, үстіңде жоқ киім, деді.
Табуын қалың малды қиын, деді.
Қызымды қу кедейге бере алмаймын,
Байлауым осы соңғы түйін, деді.
Балаңмен менің қызым қатар, деді,
Малсыз берсем, жаныма батар, деді.
Жетімге баспанасыз қыз бердің деп,
Бәйбіше мазамды алып шатар, деді.......[quote]
Өлеңдер
Толық