Мамайды шешесі Қараүлектің жоқтап айтқаны (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, Орағым, Орағым!
Жалғыз қалдың, қарағым!
Мамайжан еді ырысың,
Бір құрсақтан дүреген
Екеу еді туысың.
Екеуің жауға барғанда,
Қалмақты жеңді ұрысың.
Серіксіз қалдың, Орағым,
Дүние, шіркін, құрысын!
Қарағым, Орақ, ай, Орақ!
Ай балтасы қанды Орақ,
Алаштап ұран шақырса,
Құрбысының алды, Орақ.
Мамай кетіп алдыңда
Туғансыз жалғыз калды Орақ!
Атыңды дұшпан атаса,
Мамай еді серігің,
Оркөз еді көлігің,
Артында жалғыз сен қалдың,
Мамайдың көрдім өлігін.
Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан, бөрі етін жеп,
Қанып еді жерігім,
Мамай еді қуатым
Екі жыл шөлге қамады,
Қалмақтың бермей суатын.....
Өлеңдер
Толық

Ертілеудің өлер алдында айтқаны (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өсиет мен айтайын, ағаларға,
Өзімнен жасы кіші балаларға.
Шықпассың еш қызметсіз иман жимай,
Жиылып шайтан, жындар қамаларға.
Дүние фәни адам малын жияр,
Зекетін, пітірімен бермей тияр.
Бір күні ғазәзіл келсе жетіп,
Қызығын сұм дүниенің сонда қияр.
Ғазәзіл оң иығыңа мінгеннен соң,
Шынымен жан аларын білгеннен соң.
Бір Құдай ажалымды кешіктір деп,
Шынымен тілек тілер Алласынан.
..............................................
Әзіргі қолдың жұмыласынан.
Бір Құдай хақтығынан жанын алар,
Артында жиған малы жүмілә қалар.
Аларсың өсиетім тамам бірдей,....
Өлеңдер
Толық

Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қазыбек бидің айтқаны» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қазыбек бидің айтқаны»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша дереккөздерден ақпарат таба алады;
Көптеген оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, шығарманың мазмұнына сәйкес нақты ақпаратты тауып сызба түрінде ұсынады;
Кейбір оқушылар: шығарманы қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде түсіндіре отырып ұсынады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Махамбет Өтемісұлы (Беріш Махамбет батырдың сұлтанға айтқаны)

Борай да борай қар жауса.
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай боран соққанда,
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге,
Ту байласаң тозар ма?
Ту түбінен тұлпар жығылса,
Шаппаған қар тұсар ма?
Ағайынның ары үшін,
Қарындастың қамы үшін, ....
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Өткен ғасырда өмір сүрген ақын әйелдің айтқаны)

Тірлік, тірлік, тіріде қол босар ма?
Жағдайыңа қарайлау болмас онда.
Қөңілі түссе біздерді ақын ғой деп,
Ерлер сапқа қосады анда-санда.
Көңіл бөлсе бізге де егер ерек,
Жайқалар ек, жас талдай көгерер ек.
Еркектері мақтаншақ, жалқау қазақ,
Ақын әйел сендерге неге керек?
Жүру керек басынан азабы асып.
Мақсаты боп таза орын, таза қасық.......
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Сол тойда қырғыз жыршыларының айтқаны)

[quote]X а л ы қ а қ ы н:
Бұғы сайлаған елден келдім,
Қошқар жұмқал жерден келдім.
Атасызды ұққанменен,
Алтын жүзік көрмеп едім,
Шертпегімді тағынып келдім.
Сірә болмаса қағылып келдім.
Қазақ пен қырғыз туысқан
Өмілдірік - құйысқан.
Кенехан мен Орманхан
Надандықтан ұрысқан.
Мынау жорға ат әкелдік,
Ер - тұрманын сап келдік.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Құдасының айтқаны)

[quote]Ей, құда, үстіңде жоқ киім, деді.
Табуын қалың малды қиын, деді.
Қызымды қу кедейге бере алмаймын,
Байлауым осы соңғы түйін, деді.
Балаңмен менің қызым қатар, деді,
Малсыз берсем, жаныма батар, деді.
Жетімге баспанасыз қыз бердің деп,
Бәйбіше мазамды алып шатар, деді.......[quote]
Өлеңдер
Толық