Педагогика | Адам өмір тіршілігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы қауіпсіздігі

Сел ─ тау өзенінің өз арналарына кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен адамның шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Тасқындарың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 метр секунд және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілеріндер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандасын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қаупті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз аудандарға көшіріледі.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шыншыр және тағы сол сияқты болу мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамнан қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілеті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Егер сел апатына елді-мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірлеген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай.



Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, iндеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдерi мен зиянкестерi арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағдайлар.



Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсiп, көлiк авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық жағынан қауiптi заттарды тарататын (тарату қаупi бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авария ту .....
Рефераттар
Толық

Биология | Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер

Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер



Төтенше жағдайға тап болған адамның одан аман-есен шығуы сирек. Кейбіреулер өмірмен мәңгілікке қоштасады, кейбіреулер ауыр жарақат алады және мертігеді, ал кейбіреулері бірінші көргенде білінбейтін бірақ ауруы асқынып, тез жазыла қоймайтын дертке шалдығады. Ол адамзаттың психикасы мен санасының жарақаттануы. Бұл адам неғұлым қорқынышты жағдайды басынан өткізсе, солғұрлым күрделі бола түседі.



Төтенше жағдайдың алғашқы минутінде адамды сан алуан түрлі үрей билейді.



Үрей - бұл адамдардың биологиялық және әлеуметтік аман-саулығына қауіп төнгенде пайда болатын эмоция, уайым. .....
Рефераттар
Толық

Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы

Имам Раббани хазреттері бұл жөнінде былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі ай. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап, басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз, басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ауызашар берген адамның күнәлары кешіріледі. Тозақтан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай бұған да сауап жазылады. Ораза тұтқан....

Кеңестер
Толық

Қысылудан арылудың 6 жолы

Көпшілік ортада қысылып, томаға-тұйық жүретін жандар болады. Олар көбіне ішіндегі уайым-қайғысын өзгелермен бөлісе бермейді. Негізінен көпшілік ортада қысылу, ыңғайсыз сезіну көбіне сенімділік пен тәуелділік деген қасиеттердің әлсіздігінен шығады.
Кеңестер
Толық