Туған жерім – түп қазығым, айбыным

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегімен әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» - деп туған жердің қадір – қасиетін ерекше атап өтеді. Туған жер десе тебіренбейтін пенде жоқ шығар, сірә? Туған жер – әрбір жанның дүниеден бейхабар дәрменсіз періштеден ес біліп, ер жеткенге дейінгі өсіп – өнген, дүниені таныған түп қазығы. Әрбір адамға туған жерінің табиғаты, адамдары, жан – жануары, жоталары, тау – тасына дейін ыстық болып көрінеді. «Туған жердің түтіні де ыстық» деген мақал осыдан қалса болса керек. Барлық....

Шығармалар
Толық

Айбынымызды асқақтатар, рухымызды биіктетер - ел рәміздері

Мемлекеттік рәміздер-белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр.Мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!......
Шығармалар
Толық

Әдебиет | Айбынды қазақ ханы Абылай

Тарих – бұл өткен өмір бейнесі. Сол тарих көшін басқа арнаға бұрып ,оның алдыңғы дамуына һзінше серпіліс, өзінше өрнек беретін ұлы тұлғалар баршылық. Оларсыз адамзат тарихын көз алдыға елестету мүмкін емес .Содан болар,әлем тарихынан аздаған хабары бар жандардың ішінде: Александр Македонский,Юлиий Цезарь, Шыңғыс хан, Наполеондар жайлы білмейтін жандар баршылық.
Қазақ ұлтының ұлы тұлғасы, мемлекетіміздің символы, іспеттес аты аңызға айналған, қазақтың ұлы тұлғасы айбынды ханы - Абылай. Абылай туралы бүгінде аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.Абылайдың мемлекеттік саяси және дипломатиялық қызметіне әр уақытта әр түрлі баға беріліп келді. Егер ол қазақтың дастандарында қысылғанда қол бастаған - батыр, қиналғанда ел бастаған көсем, шаршы топта сөз бастаған шешен, елі үшін еңіреп туған ер. Бүкіл ғұмырын қазақтың бсын қосуға арнаған ақылгөй дана айбынды хан ретінде көтерілсе төңкеріліске дейінгі зерттеулерде оның тұлғасына негізінен осы халықтық шындық тұрғысынан баға берңліп келді .
Абылай тұлғасына сыңаржақ көзқарас орын алып, оның мемлекеттік саяси және дипломатиялық қызметін сынап - мінеу тенденциясы орныға бастады. Тек қазақт елі шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана Абылайдың қазақ тарихындағы айбынды рөліне тиісті баға беріліп, тарих төрінен өзіне лайықты орын алды....
Курстық жұмыстар
Толық

Вальтер Скотт | Айбынды батыр Айвенго


I ТАРАУ

Өрістен малдар қайтқанда,
Қорс-қорс етіп шошқалар
Тойып ап тоңқаң қаққанда –
Отырған төбе басында
Осынау кеңесті айтқандар.

Поп, «Одиссея»

Сауықшыл сайран Англияның ерте заманда небір әсем жерлері болған ғой, сондай бір табиғаты көркем кең жазирасына о кезде Дон дариясының суы жайылатын. Шеффилд, Донкестер уалаяттарының аралығындағы сай-сала, бел-белестерді алып тұрған қалың орман, ну тоғай болатын. Уэнтворт, Уорнклиф-парктегі ақсүйектер сарайларының айналасында, Ротерхем маңында сол қалың орманның жұрнақтары күні бүгінге дейін көрініп тұрады. Ел аузындағы аңызға қарағанда, бұл араны баяғыда уонтлей аждаһасы мекен еткен екен деседі; бұл арада Ақ Роза мен Алқызыл Розаны ту ғып тұтынған халықтардың жауыққан заманында нешеме қиян-кескі ұрыстары болып өтіпті; тағы осы арада қандыбалақ қарақшылар кезінде жасақ жинап, ел шауыпты, жол тосып, тон тонапты; аты шулы қарақшылардың аламандық ерліктері ел аузында жыр боп қалыпты. .....
Әңгімелер
Толық

Атақты ұры мен айбынды жолбарыс

Бір атақты ұры болыпты. Ол жапанда жаяу келе жатып бір керуеншілерден мінетін ат сұрайды. Керуеншілер басы артық ат жоқ екенін айтады. Ұры:

— Бәлем, қолыңнан бермегенді жолыңнан алармын,–деп керуеншілердің соңынан еріп отырады. Кеш болып, түн қараңғысын жамылғанда, керуеншілер бір тоғайдың шетіне келіп қонады. Ол тоғайда керуеншілерді тонайтын бір жыртқыш жолбарыс бар екен. Керуеншілер от жағып, көліктерін байлап тастап отырғанда, жолбарыс таяп келіп оттың сөнгенін бағып тұрады. Сол кезде ұры да жолбарыстың арт жағынан келіп керуеншілердің ұйқыға кетуін күтеді. Керуеншілер ұйықтады-ау деген кезде, ұры таяп келіп, ең жақын тұрған шұбарға сап етіп қарғып мінеді. Шұбар ат шошып ыта жөнеледі. Сонда ұрының салған әні......
Ертегілер
Толық