Азаматтық құқық | Жалгерлік

Кіріспе
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігінесатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері; жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүліктің қайтарудың тәртібі және тағы басқа қарастырылады. Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді. Жалгерлік есеп №17-ші « Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және №17 Қаржылық есептің халықаралық стандартымен реттеледі. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды пайдалану процесінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берілуі мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық іс жүргізу | Ерекше талап қою азаматтық іс жүргізу

Кіріспе
30 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес, азаматтарға соттық қорғану құқығы мен бостандығына кепілдік берілген. Конститутциялық ережеге сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін соттар істерді өз уақытында қарап, әділ шешім шығаруы тиіс.
Азаматтар мен оның билік және билік құрылысымен өзара қатынастарының мәслелері ежелден келе жатқан дүние. Гуго Гроций, Жан Жак Руссо, Кант және басқа да көптеген ойшылдар мемлекеттегі билікті шектеудің әдістерін іздеген. Осылайша құқықтық мемелекет идеясы пайда болды. Құқықтық мемелекет терминін алғаш Роберт фон Моль енгізді.
Құқықтық мемлекет мәні жиырмасыншы ғасырда былай деп анықталды: құқытық мемелекет деп өзіне, үкіметке, өзімен заң шығарушы органмен шығарылатын заң нормаларын міндетті деп таниды. Он тоғызыншы ғасырдың аяғында құқытық мемелекет белгілері деп мыналар танылды: құқықтық мемлекетте заң жоғары болды, құқытық мемлекет құрылысы мен қызметінде билікті бөлу концепциясын жүзеге асырады. Заң шығарушы, атқарушы және сот; құқықтық мемлекетте әкімшілік юстиция жүйесі ұйымдастырылады.
Әкімшілік юстиция дегеніміз не, орта ғасырларда Англияда патшаға және оның шенеуніктеріне талап қоюға мүмкін болған. Бұл формула: Ағылшындар заңмен тек қана заңмен басқарылады деген барлық континентальды Европа және Ресейге қызығушылық тудырды. Қазіргі кезде әкімшілік құқық әр мемлекетте әр түрлі қалыптасқан:....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Ақша құралдары азаматтық құқық объектілері ретінде

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Ақша және бағалы қағаздар азаматтық құқығының объектілері ретінде

Егемен Қазақстанның қоғамы мен мемлекетінің нарықтық экономиканың негізгі принциптеріне сәйкес дамуының екінші онжылдығы жалғасып келуде. Осы мерзімнің ішінде экономикалық және қоғамдық қатынастардың жүйесінде түбегейлі түрдегі өзгерістер орын алуда.
Жаңа Конституция мен оның негізінде қабылданған заңдарымыз мұндай өзгерістердің құқықтық негізі болып табылады. Экономикалық қатынастарды реттеу саласында шешуші рольге біздің “экономикалық конституция” жаңа Азаматтық кодексіміз ие.
Дегенімен де экономикалық қатынастардың дамуы азаматтық заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттілігіне алып келіп отыр. Кодекстегі бағалы қағаздарға қатысты нормалар кеңес дәуірінің азаматтық заңнамасымен салыстырғанда прогрессивті сипатқа ие.
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде

Егемен Қазақстанның қоғамы мен мемлекетінің нарықтық экономиканың негізгі принциптеріне сәйкес дамуының екінші онжылдығы жалғасып келуде. Осы мерзімнің ішінде экономикалық және қоғамдық қатынастардың жүйесінде түбегейлі түрдегі өзгерістер орын алуда.
Жаңа Конституция мен оның негізінде қабылданған заңдарымыз мұндай өзгерістердің құқықтық негізі болып табылады. Экономикалық қатынастарды реттеу саласында шешуші рольге біздің "экономикалық конституция" жаңа Азаматтық кодексіміз ие.
Дегенімен де экономикалық қатынастардың дамуы азаматтық заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттілігіне алып келіп отыр. Кодекстегі бағалы қағаздарға қатысты нормалар кеңес дәуірінің азаматтық заңнамасымен салыстырғанда прогрессивті сипатқа ие.
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі

Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болма ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады.
Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары

Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын окып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ – қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы түсінігі және түрлері

Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға шешімнің конституциялық бекітілуі сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары деңгейде қолдануды, соттардың жүйелі түрде және қатесіз жұмыс істеуін, сот беделінің айрықшалығын тануды талап етеді.
Қазақстанда сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Осыған орай, азаматтық сот ісін жүргізуде де түбегейлі өзгерістер болды.
Ведомствалық бағыныстылық-бұл құқық туралы даудың немесе басқа заңды істерді белгілі бір органның қарап шешуіне жататындығы, яғни істің нақты бір органға бағыныстылығы.
Ведомствалық бағыныстылық жеке және көпше болып 2-ге бөлінеді.
Жеке ведомствалық бағыныстылық дегеніміз - белгілі категориялы істердің тек бір ғана юрисдикция органдарда қарап шешілу мүмкіндігінің болуы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің нысаны

Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау ұғымы міндеттемеге сәйкес 6ip адам (борышқор) басқа адамның, (несие берушінің) мүлкін беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бip әрекеттер жасауға, не белгілі 6ip әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз мідеттерінің орындауын талап етуге құқылы. Несие берудің борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. Міндеттеме заң талаптары жене міндеттеме шарттарына сәйкес, мұндай шарттар мен талаптардың болмаған жағдайында - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ғана немесе баск,а талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс. Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуде борышқордың, мүлкіне әсер етудің қосымша шарасы қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемелерін орындауына ықпал етіледі. Борышқордың, шартта көрсетілген мідеттемелерін орындамауы немесе тисті дәрежеде орындамауы жағдайында несие беруші мүддесі қанағаттандырылады. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында реформалық, басталумен құқықтық, базасыз нарық, қатынастары карыштап дами бастады. Осыған орай міндетті құқық, рөлі, соның ішінде мідеттемелерді қамтамасыз ету әдістері, рөлі едәуір ұлғая түсті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық