Соғыс - адамзат үшін ең сұрапыл қырғын

«Қасиет - күші ұлы Отанның, Қасиетін бер қыран құстың! Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың!»-деп ақын да батыр Қасым жырлағандай, қаншама жауынгерлер Ұлы Отан соғысы тұсында бар ашуызаларымен елін, Отанын неміс фашистерінен құтқаруда еш аянбады. Соғыс – бұл миллиондаған адамдардың өмірін қиған кесапат, адамзат үшін ең сұрапыл қырғын. Ол бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген керемет ерліктерге де, адамның жанын ауыртар қатыгез қасіретке де толы болды. 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы халықтың алып тұлғасын танытқан үлкен сын еді. Осы соғыс қаншама қазақстандықтардың бастарын ажалға тіккен, отбасыларын күйреткен, ата-анасын зар илеткен, жесірін жылатқан, жетімін тентіреткен жайтты алдымызға жайып салды. Міне, осындай соғыс зардабын менің әулетім де бастан кешірген екен.
1941 жылы соғыс басталған кезде менің ұлы атам Есенғали Жақыпов Таманбай елінде колхозшы болып еңбек етіпті. Өмірге келген алты баласының төртеуі, жан жары ауыр науқастан көз жұмғаннан кейін екі баласы, яғни менің атам Қайрош пен ағасы Қалымбекті туған ауылы Егіндіағашқа алып келіп, өзінен бірнеше жас үлкен Батиқа апамызды әйелдікке алыпты. Ондағы ойы – жас балаларыма пана болып, осы шаңырағымның түтінін түтетіп отырар деген ой болса керек. Шынында да атамыз Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегі алынып, майданға аттанып кетеді. Бірі – 9, бірі- 13 жастағы екі балапанын Батиқа апамызға аманат етіп тапсырады. Батиқа апамыз Есенғали атамыздың осы аманатын орындап, екі атамды да адал, қайырымды азаматтар етіп өсірген екен. Ал балаларының есейген, ержеткен сәттерін көруді атамыз Есенғалидың маңдайына жазбапты. Соғысқа Сталинград майданында кірген ұлы атам барлаушы болыпты. Оны елге, балаларына жазған хаттары дәлелдейді. «Күндіз ұйықтап демаламыз, түнде «тіл» әкелуге барамыз» деген ғой......
Шығармалар
Толық

Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.1.10. Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға беру (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде).
Сабақ мақсаттары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсерін жіктеп, бағалауды үйренеді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Адамзат әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Адамзат әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.2.6 адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
8.2.1.2- географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды
Сабақ мақсаттары: Адамның әрекетінен климаттың өзгеруін түсіну....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері Адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа әсері (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері Адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.2.5 климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
8.3.2.6 адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
Сабақ мақсаттары: климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсерін анықтайды
адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Адамзаттың мәңгілік мәселесі (8 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Адамзаттың мәңгілік мәселесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Әдеби эссе
Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Сабақ мақсаты: Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы:Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Оқушылар тірек сөздер бойынша тыңдаған мәтінін мазмұндай алады, сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолдана алады.
Сабақтың мақсаттары:
8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Технология дамуы адамзатқа оң әсерін тигізеді (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Технология дамуы адамзатқа оң әсерін тигізеді.
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.4.1.Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
6.4.5.1. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсіну(даралаушы), дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Эссе жазады.
Тыныс белгілерін дұрыс қойып жазады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жануарларды қорғау- адамзаттың парызы (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: Жануарларды қорғау- адамзаттың парызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату:
Хат, хабарлама (смс), жарнама, нұсқаулық (инструкция), хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы ажыратады.
Көптеген оқушылар:
Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы ерекшеліктерін ажыратады.
Кейбір оқушылар:
Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Дінтану | Мұхаммед Пайғамбар адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы

Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың жаратқанының ішіндегі кереметі Өзінің Елшісі,әрі соңғы Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) екені баршаға мәлім.Сонымен қатар,Пайғамбарымызға ең жоғары мәртебе бергені шынайы мұсылмандардың барлығына құпия емес.
Пайғамбардың сахабалары мен олардың ізбасарлары оны құрмет тұтып: «Салла Аллаһу алейһи уә саллам»-деп салауат айтулары және бұл сөздердің шынайы мұсылмандардың жүрегіне қуаныш ұялатып,оның дауысын естуге ынтықтыруы,сүйіктілерінің жүзін көру жан-тәндері мен ұмтылысы Пайғамбардың ұлылығының белгісі.
Аллаһ Тағаламыз Пайғамбарымызға асыл қасиет,жайлы мінез-құлық, жүректілік, адамгершілік, құрмет тұтарлықтай болмыс берген.
Адамзаттың ақыр заманға дейін Аллаһтың ақ жолынан тайып кетпес үшін Пайғамбарымыз ізінен екі түрлі мұра қалдарған екен.Оның бірі-Аллаһ Тағаламыздың қасиетті Құраны болса,екіншісі -өзі жазған хадистері болса керек. Пайғамбарымыздың хадистері өте көп, әрі әрбір хадисі ақыл-кеңес,түсінікке толы және Құдай дінімен байланысты әртүрлі анықтама беріп кеткен. Елшісінің ешбір хадисі Құдайдың қасиетті Құранының жазуларына қайшы келмейді.Хадистерді жақсы білетін мұсылмандар оның қадір қасиетін мадақтап,оның адамгершілігі туралы уағыз айтып, халыққа жеткізуге өте көп көңіл бөлген және бөлуде. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Қала мен ауыл село адамзат мекенжайының тарихи түрлері

Адамдардың бүкіл қоғамдық өмірі мен іс-әрекеттері белгілі бір әлеуметтік-территориялық қауымдастықтар шеңберінде өтеді. Ол қауымдастықтар – жеке адам өмірінің басты формасы мен шарты. Адамзат қауымдастықтарының ру-тайпалық, халықтық, ұлттық және таптық сияқты тарихи формаларынынң бәрінен негізгі бір белгісі әлеуметтік–территориялық бірлестік болып келді, өйткені ол қауымдастықтардағы адамдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси, тарихи және рухани-идеологиялық қарым-қатынастары белігілі бір мекенжайларда, яғни географиялық ортада ғана іске асады. Сондықтан адамдардың түрліше мекенжайларының қоғамдық мәнін ашып көрсетудің маңызы зор.
Тарихи мәліметтерге қарағанда, адамдардың алғашқы тұрақты мекенжайлары егіншіліктің шығыумен байланысты болған көрінеді, ал одан бұрынғы аң аулаушылық, мал өсірушілік шаруашылықтарымен, т.б. айналысқан кезде көшіп-қонып жүруге байланысты тұрақты мекенжай болмаған. Ірі мекенжай ретінде қала сауда-саттық және қолөнер кәсіптерінің шығуына байланысты пайда болды. Демек, адамзаттың өз мекенжайларын тіршілік қажеттеріне қарай орналастыруын табиғи–тарихи заңдылық процесінің нәтижесі деп қарастыру қажет: алғашқы кездерде мекенжайлардың сипаты мен орналасуы табиғи-географиялық жағдайлармен анықталған болса, ал уақыт озған сайын әлеуметтік-экономикалық факторлармен анықталатын болды. Мекенжай адамның тұрақты өмір сүру орнына айналған сайын оның бұл мекенжайымен екі арадағы тәуелділік механизмі де: жұмыс, жанұя, денсаулық, т.б. жағдайлары да күшейе түсті, ал қоғам дамыған сайын бұл тіршілік механизмдерінің тәуелділік байланысының кейбіреулері нығая түссе, енді берулері әлсіреді.
Қазіргі қоғамда мекенжайлардың жоғарыда айтқан негізгі екі түрінен (қала мен ауыл-селодан) басқа түрлері де пайда болды. Атап айтқанда, қала мен ауыл-селодан басқа тағы да қала типтес селолар (поселкалар), қала маңындағы ауыл-селолар дегендер пайда болды. Бұлар өнеркәсіптің дамуының салдары болып табылады. Кейде ондай ауыл-селоларды қаладан айыру қиынға соғады, өйткені олардағы әлеуметтік тұрмыс жағдайлары өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, олардың арасында адамдардың тұрмыстық қажеттеріне және объективтік сақсат-мүдделеріне байланысты елеулі айырмашылықтар бар екенің көреміз. ....
Рефераттар
Толық