Имандылық- адамгершілік пен ізгілік тірегі

Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.....

Шығармалар
Толық

Қоғамның дамуына рухани-адамгершілік құндылықтарды трансформациялаудың әсері (Дүниежүзі тарихы, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары
Сабақ тақырыбы: Қоғамның дамуына рухани-адамгершілік құндылықтарды трансформациялаудың әсері.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.4.3.4 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемдегі жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтардың маңызын түсіндіру
- болашақ адамның адамгершілік бейнесін анықтай отырып, адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының мүмкін жолдарын болжау
Сабақ мақсаты: болашақ адамның адамгершілік бейнесін анықтай отырып, адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының мүмкін жолдарын болжау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Адамгершілік - асыл қасиет

Адамгершілік - адам бойындағы құнды, ең асыл қасиет. "Кісілік", "Ізгілік", "Имандылық" сияқты ұғымдармен мәндес. Бұл сөздерді естігенде көз алдымызға қиналғанда қол ұшын беріп, көмегін аямайтын, жанаршылық танытатын жақсы жандар бірден елестей кетері рас. Бұл қасиеттер арқылы біз мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйренеміз. Қазіргі қоғамда да шалынғанды демейтін, адами қасиеттері бойына сіңген адамдар жоқ емес. Ал мен солардың ішінде жақсы адам деп кімдерді айта аламын?

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай әрдайым жарық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің де жанымда жетерлік. Олардың бірі менің өмірімнен өз орнын ойып тұрып алатын - әжем. Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттанам. Ол рухы мықты, жігерлі жан.....
Эсселер
Толық

Абай қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлыақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтау қажет. .....
Шығармалар
Толық

Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Адамгершілік имандылық ұлттық болмыс (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Адамгершілік, имандылық, ұлттық болмыс
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) 8.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Рухани адамгершілік құндылықтар (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Рухани адамгершілік құндылықтар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.4.1.- тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) құрылымын салыстыра талдау
Сабақтың мақсаттары: Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін ажырата алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.

Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін.......
Шығармалар
Толық