Қазақтың құты да, ырысы да, айбыны да асқан шақ – Абылай ханның тұсы еді. Батыры мен биін сайлай білген көреген басшының тұсында қазақ үшін қасық қаны қалғанша күрескен қаншама азаматтар болды. Абылай тұсында ата жауымыздың өзі есіктен сығалап, елесін де көрсетпеді. Осының барлығы қазақтың маңдайына біткен есіл ерлерінің арқасы еді. Абылай ханның ұстанған қағидасы: қазақ жері жаудан босады ма, сол жерді бір күн де бос қоймай, дереу ел қондырып отырған...
1996 жылы Семей қаласындағы құрылыста краннан Абылайхан Асылбай есімді жұмысшы құлап кеткен екен. Көптеген жарақаттармен қатар омыртқасы зақымданған 34-жасар құрылысшы ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның енді ешқашан өз аяғын басып жүре алмайтынын айтады.
Қазір Абылайхан 53 жаста. Дәрігерлердің болжамына қарамастан мүгедектер арбасына таңылмаған. Өміріне шағым айтып, біреуді кінәлаған емес. Ол қазақ халқының көне өнерін қайта жаңғыртуда. Дулыға, сауыт-сайман, қару-жарақ, садақ, кіреуке – бұл қазақ батырының жабдықтары. Осындай жабдықтар Абылайхан Асылбайдың шағын «мұражайында» көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, жеке үйдің бір бөлмесінде. Бұл бұйымдарды ол өз қолымен қарапайым қолда бар материалдардан жасап шығарады. ....
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің, Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің? Хан басың қарашыңмен даулы болып, Үстіне ақ орданың қол келтірдің. Абылай, күйіп-кетті......