Абай шығармашылығының жаңғыруы
Рухани жаңғырудың аясында
Адырна жобасының арнасында
Жалғадым Абай «Әзім» әңгімесін
Мерейлі той барша қазақ даласында
Жаңғыру тамырдан тарап, бойға енген ұлттық құндылық пен байлықты игеру. Игере отырып, соның жолында қайта жаңғыру, қайта өсу. Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, бүгінде бойымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. 12 сәуір 2017 Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бұл жайлы ерекше айтылған. Абай шығармашылығын жаңғырту мақсатында қолыма қалам алым аяқталмаған «Әзім» әңгімесін аяқтауға....
Тиін
Мен тиінмін, тиінмін
Аңды көрсем бекінем
Талдан - талға секірем.
Піл
Бір көргенді білгін
Мен алып пілмін
аспаймын саспаймын
Жамандыққа баспаймын
Арыстан
Мен - мықты арыстан.
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы
Жолбарыс
Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.
Қоян
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Кірпі
Мен кірпімін, кірпімін
Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп.
Аю
Балпаң - балпаң, басамын
Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.
Түлкі
Түлкі айтты. Түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң - бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.