Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы, Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы. Сол жүректен жылылық, достық пенен Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы. Жан шөлдер өзіңдеймен танысқанша, Бірінен бірі үлесіп алысқанша. Құмарланар, сүйісер жүрек тауып, Қытықсыз қызықпенен бас қосқанша. .....
– Айтшы, аға, неғып жеңілдік Мәскеуде емес тегіндік, Болған білем соқтығыс, Емес білем аз жұмыс. Ұмытпайды еш орыс, Бородинде көргенді. – Ондағы біздің адамдар, Сендердей емес, балаңдар. .....