Келдік талай жерге енді, Кіруге-ақ қалдық көрге енді. Қызыл тілім буынсыз, Сөзімде жаз бар шыбынсыз, Тыңдаушымды ұғымсыз Қылып тәңірім берген-ді. .....
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол. .....