Эндометрит

Эндометрит - жатырдың кілегей қабатының қабынуы. Асқынған аборттар, босанулар, жатыр қуысын диагностикалық қыру, гистеросальпингография және басқа да жатыр ішілік араласуларынан кейін жиі кездеседі. Қабыну процесі барлық кілегей қабатқа тарауы мүмкін немесе ошақтық сипатта болады. Эндометриттің ауыр түрінде процесс диффузды және ошақты түрде болып бұлшық етке тарайды.

Клиникасы. Дене қызуының көтерілуі, іштің төменгі бөлігіндегі және шап аймағындағы ауырсынуға, іріңді сұйық, кейде жағымсыз иісті (ішек таяқшасы) бөлініске шағымданады; эндометрийдің эпителий жабындысының кейбір аймақтары десквамацияланып, нәтижесінде іріңдіге қанды бөлініс қосылады. Қынап арқылы зерттегенде жұмсақ консистенциялы, аздап ауырсынатын жатырды анықтаймыз. Жиі қабыну процесі лимфатикалық капиллярлар және қан тамырлар арқылы бұлшық ет қабатқа (эндомерит) және қоршаған қабатына тарайды......
Кеңестер
Толық