Экономикадағы экологиялық проблема Қоршаған ортаны қорғау

Бүгінде Жер атты халқы планетаны мекендеген адамзат баласының алдында оның болашағын айқындап, шешуші екі проблема тұр. Оның бірі – ядролық соғыс қауіпі болса, екіншісі күннен – күнге шйеленісіп келе жатқан экологиялық қатер дейміз. Бұл екеуі де әлде бір құдірет күшінің әсерінен емес, адам баласының өз санасының әсерінен емес, адам баласының өз санасының әмірімен дүниеге келгенін материалистік тұрғыда ойлайтындардың кез-келгені түсінеді. Түсінеді де, өз қолымен жасағанын өз мойнымен көтеру түн ұйқысын төрт бөліп дөңбекшиді, төніп келген төтенше қатерден шығудың жолдарын іздеп шарқ ұрады. Осы бір жан ұшырған, жанталасқан адамды ертегіде айтылатын қырық бірінші құпия есікті ашып алып, енді соны жаба алмай әлектенген байғұспен ғана салыстыруға болар еді. Бүгінгі экологиялық тепе-теңдік жолындағы жаппай дамудың түп-тамырын, табиғат тазалығы жолында көпшілік қозғалысының себеп-салдарын, міне, осы төңіректен іздестіру керек шығар.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәнінде қуіп төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстың жағдайларды тез кез-келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлуға, қағазды қайта өңдеуге және көкеністерді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойыңды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үмітімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кемеуілдетуге тырысуымыз керек. ....
Рефераттар
Толық