Экономикадағы сараптау жүйелері
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006 – 2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрi - Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi.
Жоспарда сыртқы және iшкi факторларға қарай 2006 – 2008 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негiзделедi және орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-қимылы айқындалады.
Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2006 – 2008 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2005 жылға арналған дамуын бағалау
2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) 9,4 %-ға өсті және 5542 млрд. теңгені құрады.
Экономиканың өсуіне өнеркәсіп елеулі үлес қосты, мұндағы жоғары даму қарқынын оның құрамдас секторларының тұрақты дамуы қамтамасыз етті. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің өсуі 10,1 %-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі – 12,7 %-ға, өңдеуші өнеркәсіп – 8,9 %-ға, өндіріс және электр энергиясын, газ және су тарату – 3,5 %-ға өсті.
2003 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 0,1 %-ға өсті және 694,7 млрд. теңгені құрады.
Қызметтер секторындағы неғұрлым ауқымды өсу байланыста қамтамасыз етілді, мұнда кәсіпорындар мен ұйымдар көрсететін қызметтер көлемі 2003 жылғы деңгейден 32 %-ға асып түсті және 150,8 млрд. теңгені құрады.
2003 жылмен салыстырғанда көліктің барлық түрлерімен тасымалдау 9 %-ға өсті және 1840 млн. тонна жүкті құрады.
2004 жылы инфляция деңгейі орта есеппен 6,9 %-ды құрады.
Қаржы рыногының барлық сегменттерінің тұрақты дамуы елдің ішкі кредит рыногын едәуір жандандыруға және өндірістік сектор мен қызметтер секторын дамытуға бағытталатын ақша қаражатының мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына кредиттік салымдары 2005 жылғы желтоқсанның аяғында 1484,3 млрд. теңгені құрады және 2003 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 51,8 %-ға өсті.
2004 жылы қазақстандық өнім экспорты барлық тауарлар номенклатурасы бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 55,5 %-ға ұлғайды. Нақты көлем құны мен индексі бойынша шикі мұнайдың және мұнай өнімдерінің (газ конденсатын қоса алғанда) экспорты 2003 жылдың деңгейінен тиісінше 61 %-ға және 19 %-ға жоғары болды.
Темірден жасалған жалпақ илек экспорты 7 %-ға ұлғайды, бұл ретте сатудан түсетін түсім 15 %-ға, тазартылған мыс – 4 %-ға және 64 %-ға, өңделмеген мырыш – 14 %-ға және 42 %-ға, өңделмеген қорғасын – 21 %-ға және 86 %-ға ұлғайды.
2004 жылы Қазақстанға тікелей шетелдiк инвестициялардың нетто-ағымы 5,5 млрд. АҚШ долл. асты, бұл 2003 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштен 2,5 есеге көп.
Шетелдік қарыз капиталының мол ағылуымен қатар экспорттан түсетін валюталық пайда түсімдері ішкі валюта рыногында шетелдік валютаның шамадан тыс ұсынылуына себеп болды. Ішкі валюта рыногына көрсетілген қысым салдарынан АҚШ долларына қатысты теңгенің айырбас бағамы номиналды қымбаттады. 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанда теңгенің орташа өлшенген айырбас бағамы бір доллар үшін 136,04 теңгені құрады, жыл басынан бері АҚШ долларына қатысты номиналды мәндегі теңге 9,30 %-ға нығайды.....

Рефераттар