ЭЕМ регистрлары

Ерте кезден бастап-ақ адам баласы есептеулерді оңайлату үшін өзіне көмекші әр түрлі құрылғыларды құрастырған. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырдың өзінде-ақ гректер мен мысырлықтар абакты – орыс есеп шотына ұқсас құрылғыларды пайдаланған.
XVII ғ. 40-жылдарында адамзат тарихындағы ең ірі ғалымдардың бірі – математик, физик, философ және дін зерттеушісі Блез Паскаль сандарды қосатын механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды.
Сандарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын механикалық құрылғыны XVII ғ. Аяғында екінші бір ұлы математик және философ Готфрид Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз болған.
Есептеулерге арналған құрылғылармен қатар, берілген программа бойынша автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдер де (музыкалық автоматтар, шарманкалыр т.с.с) дамыды.
Есептеуіш техника саласындағы маңызды прогресс Чарльз Беббидждің (XIX ғ. ортасы) есімімен байланысты. Лейнбицтің механикалық арифметикалық машинасы идеясын программамен басқару идеясымен біріктіре тырып, Беббидждің өзі аналитикалық деп атаған машинаның жобасын жасап шығарды. Бұл жоба іске асырылған жоқ, алайда өзінің мүмкіндіктері бойынша, Беббидждің машинасы алғашқы ЭЕМ-нен кем түспейтін: онда 50 ондық таңбадан тұратын 1000 санды сақтайтын зерде жасалған; арифметикалық амалдар Жаккардтық перфокарталарға жазылған программаға сәйкес орындалатын. Программада арифметикалық амалдардың бір тобын автоматты түрде қайталау, сонымен қатар амалдар тобын қайсыбір шарт сақталғанда ғана орындау мүмкін болатын. Беббидж машинасына байланысты программалаушы мамндығы пайда болды. Дүние жүзінің алғашқы программалаушысы ақын Дж Байронның қызы Ада Лавлейс болды. Ада Лавлейс жазған программалар қайсыбір сандық функциялардың мәндерін есептеуге арналды.....
Рефераттар
Толық