Ветеринария | Ырыс шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тарататын және халық шаруашылығына орасан экономикалық зиян әкелетін қауіпті зиянкестердің бірі - үлкен қалалар, елді мекендер мен ауыл шаруашылығындағы қора-жайларда, егіс алқаптарында, өндіріс орындарында қоныстанған тышқан тектес кеміргіштер болып келеді.
Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының эксперті Грэй Томастың пайымдауынша жер жүзінде кеміргіштер, эсіресе егеуқұйрықтар, жыл сайын тек қана дэнді дақылдар мек күріштің 33 млн-ға жуық тоннасын жеп қүртады. Әр жылы егін жиналып болғанша кеміргіштер оның 20%-дан астамын өз алдына жояды екен. Дәнді дақылдардан. басқа ет, сүт, балық өнімдерін, жас балапандарды, жұмыртқаларды жейді екен [1]. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы, қазіргі "Қарлығаш" акционерлік қоғамында болған уақиғаға көңіл аударсақ, онда егеуқұйрықтар түн сайын 1200-1300 балапанды өлтіріп, 1500-1600 дана жұмыртқаларды жарып ішіп отырған. Егеуқұйрықтардың қауіпті инфекциялық ауруларды таратуының нәтижесінде әкелетін шығынды есептеу қиын. Көптеген жұқпалы аурулардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын таратушысы болуымен қатар, олар жер-жерде адамдар арасында, үй жануарлары мен құстардың ішінде ауру тудырып, қауіпті инфекциялар ошағын үнемі тұтандырып отырады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық