Ыбырай Алтынсарин | Әлім кісі

Бір зор әлім молдадан жаңа дінге кірген адам:

— Тақсыр, мен иманды қалай етсем үйренемін? — деп сұрапты.

Әлім айтты:

— Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен кардан үйрен,—деді.

Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай дағдарып тұрды. Сонда әлім айтты:

— Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды - тасты, жел мен жаңбырды — осының бәрін көресің, соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер істер емес. Олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір Құдіретті ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетіссең, иманыңның жартысы тамам болғаны, —деді.

.....
Әңгімелер
Толық

Ыбырай Алтынсарин | Лұқпан әкім

Лұқпан әкімге бір сопысымақ адам бір жиылыста айтты:

— Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, Құдайдың жіберген қаза - бәлесіне себеп табамын деген Құдайға қарсылық болып табылады деп білемін, — деді.

Лұқпан айтты:

— Олай болса, сол айтқан сөзіңіз жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді кітап болса, біз тоба етіп, дәрігерлікті қоялық, — деп.

Сопы бұл сөзді еш кітаптан көргені жоқ кітап алып келе қоямын деп қозғалмады.

Жиылып отырған халық шулап қоя берді:

— Сопы, Лұқпан жесірге байдай, жетімге атадай болып, неше мұңды бейшаралардың көзінің жасын тыйды, сен бұл істі күнә деп білсең кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып, жазаландырамыз, — деп.

Істің бұлайынша зорайып бара жатқанын көріп, Лұқпан халықтан өтініш етіп тысқа шығып, сопыны оңаша қалдырып айтты:

— Алла разы болсын, молдам, білген шамаңызша бізді күнәдан тыю үшін ақыл айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын: қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін танып, мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегендік көрінеді. Құдай Тағала адамға әртүрлі дене берді: қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді есітуге, ақыл берді ойланып, жаман - жақсыны аңғаруға. Сол берген денелерді тиісті орнына жұмсамасаң, Құдайдың бұйрығына қарсылық болып табылса керек. Оның үшін жүрмей, тұрмай, отырмай, көрмей, есітпей Құдайға құлшылық етіп те болмайды. Сол реуішті жансыз нәрселердің де керексіз жаратылғаны жоқ. Бір шөпті у етіп жаратты, екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң күнәлі боласың, тиісті пайдалы орнына жұмсаудан обал болмаса керек, — деді. .....
Әңгімелер
Толық

Қазақ әдебиеті | Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем .....
Рефераттар
Толық

Келбет алдамшы ма?

Үлкен орманда бір жылан өмір сүрді.Жыланның түрі суық әрі сұсты болатын.Сондықтан да жануарлар «шағып алар,жалмап өтер» - деп,бойын одан аулақ ұстайтын.Жалғыздық жаман зат екен,ол өзінің жылан болғанына......
Әңгімелер
Толық

Тәкапар Терек

Қала сыртында жайқалған талдары көп орман болатын.Орман жаз болса жасыл,күз болса сары түсті көйлек киіп,әсемденетін.Жануары да,өсімдігі де бақытты өмір сүріп жатты.Бірақ ішінде өзің бақытсыз сезінетін тал да болатын.Есімі – Тапал.Кішкене бойы мен жуандығына қарап,жануарлар солай есім қойыпты.Өмірдің сыны ма?әлде сәйкестік пе? Тапалдың көршісі ормандағы ең ұзын терек болатын.Есімі – Сұңғақ.Сұңғақтың бойы ұзын болса да,ойы тайыз еді.Ол қасындағы.....
Әңгімелер
Толық

Ыбырай Алтынсарин (Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш)

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

– Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр?
– Көремiн, өрмек тоқып жүр.
– Анау құмырсқаны көремiсiң?
– Көремiн, аузында бiр нанның......
Әңгімелер
Толық

Ыбырай Алтынсарин (Білгеннің пайдасы)

Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты:

— Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар. Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы.....
Әңгімелер
Толық

Ыбырай Алтынсарин (Бақша ағаштары)

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық.....
Әңгімелер
Толық

Ыбырай Алтынсарин (Байұлы)

Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына мінгенде. бір бала жыламсырап қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып:
- Сен неге атыңа мінбейсің? - деді.
Бала қамығып:
- Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, - деді.
Сонда Байұлы аттан түсіп жаяу әкесіне.....
Әңгімелер
Толық