Патша үкіметінің 1889 ж 13 шілдеде бекіткен ережесі

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы империяның қазақ өлкесіне байланысты саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды әскери-отаршылдық әрекеттерімен өзіне қосып алған царизм осы аймақтағы ағылшындық ықпалды ығыстырып,ортаазиялық шепке шықты. Өзінің алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық режимін орнатты.
Басқарудың әкімшілік жүйесін іске асыру өзінің шекаралары жағынан кеңейіп жатқан империя жағдайына да қолайлылық туғызды. Крепостниктік құқықты жоя салысымен Ресей үкіметі әлеуметтік-саяси өмір ағысын түбірінен өзгерткен бірқатар реформаларды: земстволық, соттық, қалалық және басқаларын жүзеге асырды.
Крепостниктік құқықты жою Ресейдегі аграрлық мәселені шеше қойған жоқ. Осындай жағдайда патша үкіметі шаруаларды революциялық қозғалыстардан бұрып әкететін бірқатар шаралар қолданды,атап айтқанда, қоныс аудару саясатын жандандыра түсті. Сібірді, Қазақстанның солтүстік, батыс және оңтүстік-шығыс аудандарын отарлау арқылы царизм ішкі губерниядан шаруаларды сол жаққа қоныс аудартуды және солар арқылы ұлттық шет аймақтарда өздеріне әлеуметтік тірек табуды ойластырды. Орыс және украин шаруаларын өлкенің барлық дерлік облыстарына жоспарлы түрде қоныс аударттыру ХІХғ. 70-жылдарының бас кезінде басталды, ал 80-жылдары бұл іс жаппай көшіп келіп қоныстанушылық сипат алды.....
Рефераттар
Толық

Курстық жұмыс (жоба): Діни терроризм мен экстремизмнің психологиялық негіздері

Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Халыққа үндеуінде  «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр» деп атап көрсетті.   Қазақстан Республикасының тарихындағы соңғы жиырма бес  жылдық қазақстандық қоғамның өміріндегі діннің атқаратын рөлі мен орнының өзгеруімен ерекшеленді. Діни құндылықтар көптеген адамдардың, әсіресе соның ішінде жастардың өмір салттарының да, ойлау ерекшеліктерінің де маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Діни ұйымдардың, ең алдымен қазақстан халқы үшін дәстүрлік болып табылатын – Ислам діни ұйымдарының рөлі, беделі мен әсерлері күшейді. Қазақстан полиэтникалық орта, елімізде мекен ететін халықтардың арасында біршама кеңінен тараған діндер – ол ислам және христиан діндері, сондай-ақ иудаизм мен буддизм діндері де бар.
Курстық жұмыстар
Толық

Головкиннің Астанадағы жекпе-жегінің уақыты ресми түрде белгілі болды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің келесі кездесуін 17 шілде күні елордамыз Астана қаласында өткізеді. Бұл туралы Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев айтты деп жазады Vesti.kz.
Жаңалықтар
Толық

Шілдехана, бесік той бюджеті: Қанша қаражат керек?

Шілдехана — нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той, сәби өміріндегі алғашқы той. Бесік той — сәби қырқынан шығарылғаннан кейін жасалатын той-думан. Осы іспеттес маңызды оқиға мен тойларға қатысты қазақтың түрлі салт-жоралғылары, қонақ күту рәсімдері бар. 7kun.kz осындай тойды өткізу үшін қанша......
Кеңестер
Толық

Үкімет демалыс күндерін ауыстырды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Жаңалықтар
Толық

6 Шілде - Астана күні (Балабақша | Жайнай берсін, Астана!)

Тақырыбы: «Жайнай берсін, Астана
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р - ның рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!

Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Сценарий (ертеңгілік): 6 шілде - Нұр-Сұлтан қаласы күні (Балабақша | Астанам - мақтанышым!)

Сценарий тақырыбы: Астанам - мақтанышым!
Мақсаты: Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру.
Бас қала – Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру.
Алдын ала атқарылатын жұмыстар: Астананың сұлу келбеті топтастырылған слайд дайындау, Астана күніне арналған көпшіліктің жүрекжарды лебіздері, құттықтаулары түсірілген бейнежазба әзірлеу, балалардың өз шығармашылықтарынан дайындаған суреттері көрмесін ұйымдастыру.

Барысы:
Экранда «Жаңалықтар қызметінің заставкасы» көрініп, әуені ойналады. Ортаға тәрбиеші тележүргізуші болып шығады:
Тележүргізуші
тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті телекөрермендер! Эфирде «Апта КZ»
жаңалықтар топтамасы. Сіздермен бірге мен.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

6 шілде - Астана күні

Тамаша мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз.


Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз.

Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – елордасының басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, Астананың қалыптасуына орасан зор үлес қосуда.

Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілейміз.
Құттықтау, тілектер
Толық