Шетел инвестицияларын тартудың негізгі жолдары және олардың тиімділігі

Қазақстанның инвестициялық саясаты шетелдік, сондай-ақ отандық инвестицияны тартудың қажеттілігімен тікелей байланысты. Өткен кезеңде инвестициялық қызмет жүргізу барысында негізінен, инвестицияның басты әрі нақты көзі болып табылатын шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға айрықша назар аударылады. Әйтсе де, мемлекеттің шетел инвестициясын ынталандыруға бағыталған құқықтық базаны қалыптастыру және инвестицияның енуіне қолайлы жағдай туғызу секілді шараларды жүзеге асырғанына қарамастан, қазіргі шетелдік инвестициялау моделі күткендегідей нәтиже бере қоймады. Бұған ұзаққа бармай-ақ, экономиканың көптеген салаларын кеңінен қамтыған, әсіресе, өндіріс саласындағы терең инвестициялық дағдарысты атасақ та жеткілікті.
Қазақстан өз егемендігін алған күннен 1997 жылдың соңына дейінгі аралықта сырттан 6,4 млрд. доллар алды. Оның ішінде 3,2 млрд.доллар тікелей инвестиция құраса, соманың қалған бөлігі - әртүрлі қарыздар.
1997 жылы Қазақстан шетел инвестициясы көлемі жағынан таяу шетелдер арасында, тіпті халқының саны мен жер көлемі жағынан бізді бірнеше орап алатын Ресейдің өзін артта қалдырып, бірінші орынды иеленсе, Венгриядан кейінгі екінші орында тұрды. Сол уақытта Қазақстан Республикасының инвестицияға деген сұранысы шұғыл артып, мамандардың болжауынша ол 50 млрд. долларды құраған. Десекте, осында келтірілген мәселелерді назарда ұстай отырып, қазіргі тартылған күүйіндегі шетел инвестициясы Қазақстан экономикасының ірі де күрделі проблемаларын шеше алады деп айту қиын.
Пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасының қаржылық және қаржылық емес активтеріне салынған барлық шетел капиталдары екі үлкен топқа: тікелей инвестиция және сырттан қарыз бөлу болып бөлінеді. Қазіргі кезде халқаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттер Қазақстанға тікелей инвестициядан гөрі кредит беруге құштар болып отырғаны анық байқалуда. Мұның сыры өзінен-өзі түсінікті. Несие үкімет кепілдігімен жақсы қорғалған. Ал инвестициялық салымның қайтарымы ұзақ мерзімді қажет етеді әрі мұнда тәекелдің үлесі жоғары ....
Рефераттар
Толық