Шежірем бар таусылмайтын сан қилы

Тарихы көне Таразбен тамырлас қасиетті де киелі Т.Рысқұлов ауданы шежіреге бай өлке. «Шежірем бар таусылмайтын сан қилы » атты тақырыбын алған себебім де осы. Т.Рысқұлов ауданының құрылғанына 75 жыл толу мерекесіне орай, шығарманы өзімнің туып – өскен ауданым жайлы алуды жөн көрдім. Жүрегі « туған жер, туған ел, атамекен » деп соққан әрбір қазақтың өз мекенін, өз қонысын шырқамауы , оны астарлы сөзбен ардақтап, сыйламауы, туған жері жайлы сырдан шежіре тарқатпауы мүмкін емес. Сол себепті мен де өзімнің туған ауданым, қасиетті , киелі мекенім, тұнған шежірем, тарихи танымым Тұрар Рысқұлов ауданы жайлы сыр шертпекпін.
Менің бас иетінім де, қасиетім де – туған жер.......
Шығармалар
Толық