file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Шаш шаятын сұйықтық дайындайық

Үй жағдайында шашқа күтім жасау жолдары өте көп. Бүгінгі материалда шаш шаятын сұйықтық (ополаскиватель) дайындауды көрсетеміз. Бұл сұйықтықты дайындау жеңіл әрі қолжетімді. Оны дайындау үшін алма мен су ғана қажет.

? 2-3 алманы жуып тазартып аламыз.

? Алманың қабығын ашамыз.

? Алманың қабығын ыдысқа салып, оған 1 л ыстық су құямыз.

? Ыдысты отқа қойып, қайнаған соң отта 5 минуттай ұстаңыз.

? Ыдысты оттан түсірген соң 15-25 минут аздап суығанша күтіңіз. Содан соң ішіндегі қабықтарды сығып алып тастаңыз. Сұйықтықты басқа ыдысқа құйып алыңыз. Жуылған шашты осы дайындаған сұйықтықпен шайыңыз.

? Бұл сұйықтықпен шайған соң, шашыңыз тез таралады. Ол шашты жылтырап, жібектей жұмсақ болуына көмектеседі. Ескере кететін жайт, алма таңдауда үй бақшасында өскен алма болғаны дұрыс. Себебі үйдің алмасы дәрумендерге толы болады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін уақытылы бірнеше рет қолдану қажет екенін ұмытпайық.......
Кеңестер
Толық