Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Айсұлтан немересі елдегі маңызды оқиғалар, елбасының жұмысы мен жемқорлық жасады деп айыпталған шенеуніктерге қатысты өз пікірін білдіріп, ел назарына ілікті. Айсұлтан халыққа несімен танымал және 26 жастағы жігіттің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін қандай? NUR.KZ порталы осы туралы толығырақ ақпарат ұсынады.
Екі ел арасында тасымалдауға тыйым салынған заттар көп. Алайда, неше түрлі әрекеттерге барып, өзімен бірге алып жүруге болмайтын нәрселерді жүк сөмкелеріне салып ап, әуежайдың тексерісінен өте алмай қалған саяхатшылар да баршылық.
Асхат Мақсымұлы Маемиров (1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында туған) — театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры (2018 жылдан). Философия ғылымдарының докторы (PhD 2016). Асхат Мақсымұлы 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Абай ауылы, Сарой ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1991 - 1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институты)ның филология факультетін бітірген....
Фархат Нұрсұлтанұлы Әбдірайымов - Қазақстандық актер. Өмірбаяны 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ. Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген (1988), инженер-технолог. 1988 жылдан - «Турист» мейрамханасының директоры. 1999 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері. Жеке өмірі Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі (2007 жылдан). Діни көзқарасы - мұсылман. Хоббиі - бильярд, суда жүзу. ....
Асхат Садырбаев Мұратұлы (ағылш. Askhat Sadyrbay, 6 маусым 1986 жылы, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы) - журналист, тележүргізушісі. Әкесі Садырбаев Мұрат Абылұлы, анасы Сыздықова Оразкүл Керімбекқызы. Туған ауылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Әңгір ата ауылы. Отбасында 3-ші перзент. Ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы бар. Өмірбаяны 1992 жылы Әңгір ата ауылындағы бастауыш мектептің 1-сыныбына барады. 4-ші сыныпты тәмәмдаған соң көрші Абай ауылындағы орта мектепке ауысады. 2003 жылы Абай атындағы орта мектепті үздік бітіреді. 2003 жылдың қараша айынан бастап жергілікті облыстық "Қазақстан-Шымкент" телеарнасының штаттан тыс тілшісі ретінде жұмысқа қабылданып, таңғы бағдарламалардың жүргізушісі қызметін атқарады. 2004 жылы Алматыдағы Халықаралық Мамандықтар Институтына ауысады. 2005 жылдың қаңтар айынан бастап "Қазақстан" РТРК АҚ ОҚО филиалына штаттағы редактор қызметіне жұмысқа қабылданады. Оқуын сырттай бөлімге ауыстырып, журналистиканы қызметте жалғастырады. ....
Айнұр Асхатқызы Ілиясова 1986 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Өскемен қаласында өткен. О. Бөкей атындағы №44 мектепті тәмамдаған. Одан соң Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің «Ақпараттық жүйелер және энергетика» фаультетінде білім алған. Университет бітірген соң, Айнұр Жамбыл атындағы облыстық Шығыс Қазақстан театрынан жұмысқа шақырту алады. Сол жылы ол Б.Бейшеналиев атындағы өнер инстутитутының «Театр және кино актері» мамандығына түсіп, сырттай оқып шығады.
2010 жылы Алматыға келген ол көптеген жобалар мен сериалдарға түскен: “Побег из аула”, “Парыз”, “Бажалар”, “Сырғалым”,”Сырғалым 2″, сондай-ақ толықметражды “Келинка Сабина ” фильмі. Жобалар мен бағдарламалар: «Әзіл-кеш», «Сол жылдар», «KZландия», «Ду-думан».
Отандық актриса Айнұр Ілясова екі ай бұрын тұрмысқа шығып, қазір нағыз отбасылық өмірдің қызығына кенеліп жатыр. «Ол өте қызық жігіт, өте ақылды, оның ер адам ретінде маған көңіл бөлгені мені қызықтырады. Ол шығармашылық адамы емес, сондықтан шығар жарнаманы ұнатпайды. Біз-бір-бірімізді өте қатты сүйеміз және түсінісеміз. Өмірді, адамдарды, айналасын бағалай алатын екі адам кездесіп, табысты деп айта аламын. Біз мұның бәрінен өттік», - дейді Айнұр. Әрбір тұрмыстағы әйелдер сияқты, Айнұрдың да енді үй шаруалары көбейді. Онымен қатар сүйген жарын түрлі дәмді тағамдармен еркелетіп отыру да керек. Қуанышқа орай, Айнұр ас үйдің қыр-сырын жақсы біледі. Өзім өскен отбасында ерекше бір тамақтану дәстүрі болды деп айта алмаймын. Әдеттегідей, таңертең тұрғаннан кейін таңғы асымызды ішеміз. Одан кейін түскі ас, кешкі ас. Бәрі де ел қатарлы.....
Ахат Имантайұлы Жақсыбаев (5 шілдеде 1940 жылы туған, Павлодар қаласы) — жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Өмірбаяны 1940 жылы 5 шілдеде Павлодар қаласында туған. Орта мектепті бітірген соң 1958 — 1960 жылдары Екібастұз қаласында дренажды шахтада жұмыс істеді. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін филология факультетінің журналистика бөлімін бітірді. 1965 — 1967 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, 1972 — 1992 жылдары “Жұлдыз” журналының жауапты хатшысы, 1993 — 1997 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1998 — 2000 жылдары “Ақиқат” журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан “Жас өркен” балалар басылымдары акционерлік қоғамының президенті. 2005 жылдың шілде айында «Жас өркен» ашық акционерлік қоғамы «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта қүрылуына байланысты «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды.....