Қиял-ғажайып ертегі: Хан қызын алған жарлы

Бұрынғы заманда бір адам бар еді. Мал дегенде жалғыз байталы бар еді. Күн көретін қорегі үшін күнде қақпан құрушы еді, бір суыр алушы еді, соны қорек қылып жатушы еді. Бір күні қақпанын қарайын деп келсе, бір түлкі түсіп қалыпты. Бұрын мұндай жақсы аңды көрмеген байғұс түлкіні көріп бассалады, сонда түлкі сөйлейді: «Ей, бишара, мені қоя бер, сені мен мұратыңа жеткізейін»,—деді. Түлкінің тілін алып қоя берді. Түлкі босанып кетті.

Бұлардың уақытында Қайсар деген патша бар еді. Түлкі соған келіп айтады: «Сенің қызыңды балама айттырам деп, хан Елібай сізге жіберіп еді, сізден жауап алып кел деген еді»,—деді. Хан «беремін» деді. Бір жетіде келіп құда түспек болды. Ханның қолынан уағда қағазын алды да, түлкі кете берді. Бір жеті өткен соң жарлыны ертіп келе жатты. Бұрын жарлы атқа мініп үйренген жоқ екен, түлкі оны байталға мінгізіп үйретеді. Хан мен ауылдың арасында бір өзен бар еді. Түлкі өзеннің өткелінен өтті де, жарлының үстіндегі бар киімін суға тастап, өзін таза шомылдырды да, ханға кетті. Ханға келіп айтты: «Күйеуіңіздің айдап келе жатқан малы суға кетті, үстіндегі киіміне шейін, күйеуіңіз мықтылығынан бір байталдың құйрығынан ұстап сүйреп шықты.....
Ертегілер
Толық

Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

«Ау» деп басталатын әліппенің әуел сөзінен,
Кім құтылар Алланың қойып қойған тезінен.
Кешеде жүрген жан әкем,
Ғайып бір болды-ау көзімнен.
Сөзімнің басы биссимилла,
Шерліден досым сөз тыңда.
Иманды болғыр, жан әкем,
Ақылың айтқан мың ділдә.
Құдай салды, біз көндік,
Қызыл тілім, қимылда.
Жолыңа құрбан болар ем,
Келмейсің ғой мың жылда.
Пайғамбар аты Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Айрылып асқар белімнен,
Басыма түсті қиын іс.....
Өлеңдер
Толық

Хан қызы

Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ханның бір қызы болыпты. Төрт уәзірі болыпты. Хан сейілге шығыпты, қасында бір уәзірі болыпты. Ханның алдынан екі қоңыр қаз ұшып барады екен. Хан уәзіріне айтты: «Осы екі қоңыр қаздың тілін маған айт! Не деп кетіп барады?» – деді.

Уәзірі айтты: «Тақсыр, мен білмеймін». Хан айтты: «Айт! Айтпасаң басыңды аламын». Уәзір айтты: «Тақсыр, үш күн мұрсат бер», – деді. Хан: «Жарайды», – деді.

Ханның өзі қаздың тілін біледі екен, үндемей үйге келді, атынан түсті, отырды. Уәзірі өз үйіне келді. «А, қатын! Сен маған, мен саған жоқ», – деді. Қатыны айтты: «Неден қорықтың?» – деді.......
Ертегілер
Толық