Туған халқым! Қатемді кешір менің? Сенің арқаң сескенбей, есіргенім. Егерде жырың болмай, ұрың болсам, Алақанға саласың, несін мені Жоқ! Менің жүрек емес төсімдегі Ол бір от сенің ұлы көшіңдегі Өзіңнің жандырғаның, өшіргенің Әзірге тастаған жоқ есім мені, .....
Халықаралық қылмыстық құықтың тарихы 19 ғ. Соңына келіп тіреледі және оның тарихи тамры тереңде жатыр. 1889 ж. Қылмыстық құқықтың халықаралық құқығы құрылды, ол барлық мемлекеттерге халықаралық қылмыстық құқықты жетілдіру ісінде ыннтымақтасуды ұсынды . Мұндай ынтамақтастық халықаралық қылмыскелерді қудалау жөнінде келісілген мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы көзделген болатын. 19 ғ. Алғпшқы халықаралық құқықтық актілерқұлдық және құл саудасы мәселелріне қатысты болды. Мысалы, 1815 ж. Вена конгресі осы мәселе жөнінде арнайы декларация қабылдады. Англи, ресей, Австрия қатысушысы болған 1841 ж. Лондон шартында құл саудасы қылмыстық құбылыс деп танылды. Дәл осы кезеңде халықаралық қауымдастық қылмыстылық туралы басқа да халықаралық шарттарды қабылдады. Мысалы, 1885 ж. Берлин конференциясында құл саудасының қылмыс екенін және жазаланатындығын; 1889 ж. Әйелдерді саудалаумен күрес жүргізудегі Лондон халықаралық конгресі бекітілді. 1884 ж. Парижде су асты телеграф кабельдерін күзету туралы халықаралық конференцияғақол қойылды. 1802 ж. Англия, Франция, Испания және Голландия арасында кісі өлтіру, қасақана банкрот болу және қолдан ақша жаса жөнінде айыпталған адамдарды ұстап беру туралы Амьен шартына қол қойылды. Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көзі жүйесі, тұтастай алғанда халықаралық жария құқықинституттарының жүйесін қайталайды. Тек реттеу затының ерекшелігіне байланысты болмашы өзгерісітер болуы мүмкін. Халықаралық жария құқықтың негізігі қайнар көздері екі жақты және көпжақты шарттар болып табылады....
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады. Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр — басты себеп ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен құралдарына дейінгі экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-
Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік. ....
Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралдары болып теріледі.
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары Бұған газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшаулағыш көзқағарлары жатады.
Сүзгілік көзқағарлардың жұмыс істеу принципі Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына түседі ауаны қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде шығады. Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жұту сүзу арқылы жүргізіледі. Адсорбция – адсорбент деп аталатын қатты дененің үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (ағаш) көмір адсорбент болып табылады. Хемосорбция – УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттр мен ықпалдасуы есебінен жұтылуы. Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады. Түтін мен туманды (аэрозольді) сүзгілеу қалыңтырды құрайтын талшықты материалдан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі. Халықты қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) газқағары қолданылады. ГП-5 гзқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған. Ол сүзгілік-жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен (шлем-маска) тұрады. ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-мака кіреді.....
Өз тәуелсіздігімізді алғанымызға 13 жылдай уақыт өтіп, Қазақстан экономикада әлемдік принциптерін енгізіп, онда маңызды орынға ие болды. Оған дәлел ретінде экономикамыздың даму қарқынын қарастыруымызға болады. Сонымен, қатар өз шешімін күтіп тұрған мәселелер баршылық. Солардың бірі ретінде кіші және орта бизнестегі инновациялық жобаларды несиелендіруді көрсетуге болады. Кіші және орта кәсіпкерлік Республиканың әлеуметтік-экономикалық жән саяси дамуының маңызды факторы болып саналады. Кіші және орта бизнестің субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы басқа. Экономиканың осы сегментінде мықты ұлттық интелектуалды потенциал инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал шоғырланған. Бұлар үлкен бизнесті дамытатын негіз болып табылады. Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, кіші бизнес жалпы ішкі өнімнің 17% - ын құрайды. Мемлекетік бюджеттің 11% - ы осы салада кәсіпкерліктің төлемдерінен құрылады. 2005 жылы ЖІӨ - дегі кіші бизнестің үлесін 30% - ға жеткізу мақсаты қойылды. Қазақстанда кіші бизнес сауда делдалдық және қызмет көрсету салаларында жақсы дамуда. Ал анқты сектор мүлдем дамымай жатыр десе де болады. ҚР-ның сауда және индустрия министрлігінің мәліметі бойынша кіші және орта бизнеспен өндірілген өнім 3% -ды құрайды. Ал кіші және орта бизнестің техникамен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен.Сондықтан да кіші және орта бизнестің инновациялық техникалық саладағы жаңалықтарды енгізіп жұмыс істеуі өте маңызды. Шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып мемлекеттің экономикалық дамуына көп әсерін тигізеді. Олар бірқатар артықшылықтарға ие: 4) Шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық салаларын қамтиды. 5) Ірі өнеркәсіптер қызметі шектелген және ойлаған қызметі жүзеге асқанымен табысының аз болып тәуекел болғандықтан айналыспайтын салаларда өз мүмкіндіктерін қолдану. 6) Ірі фирмалар ғылыми зерттеулермен тәжірибелерді жүргізілуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондықтан да ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы өзгерістерге тез икемделіп, жауап қайтарып процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті. 7) Шағын фирмалар ірір компанияларға қарағанда ғылыми техникалық зерттеулер нәтижелерін инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпте жылдам енгізеді. ....
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.....
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Банктердегі валюталық операцияларды ұйымдастыру принциптері». Бұл тақырыпқа жазу мақсатым: дүниежүзілік валюта қатынастарының даму тарихын ҚР- да валюта жүйесі және оның қазіргі жағдайы, банктерде жүргізілетін валюталық операциялар туралы мағлұмат алу. Менің кеурстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. I бөлім. Халықаралық валюта қатынастарының қалыптасуы және дамуы деп аталады. Бұл тарауда мен мынадай мәселерді талдадым. Валюта дегеніміз – 1- ден сол елдің ақша бірлігін, 2-ден шетелдік мемлекеттің ақша белгілерін, 3-ден халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралын айтамыз. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымын қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болды. Валюта қатынастарының туындауына ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше әсер етеді. Валюта қатынастары құқықытық нормалармен және ережелермен реттеледі. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі дегеніміз ұлттық заңдылықтармен н/е мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Тарихи үштүрлі: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюта жүйесі қалыптасты. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып, оның орнына тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйенің ауысуына әкелді.Сөйтіп валюта жүйесі бірнеше кезендерден өтті. Яғни, әр елдің өзінің валюта жүйесінің қалыптасуына жағдай жасады. Валюта бағамы – басқа валюталық ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық валюта бірлігі құны. Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын анықтауды валюталық котировка деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Валюта жүйесінің үш негізгі жүйесі бар: бекітілген бағам, еркін құбылмалы бағам, басқарылатын құбылмалы бағам. IIбөлім.Валюта-қаржы механизмі туралы тарау. Бұл тарауды валюта қатынастарының реттеу, саясат , нарық түсінігінің мәнін аштым. Нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады. - нарықтық реттеу - мемлекет тарапынан реттеу Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс пен ұсыныс, сондай – ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады. Бірақ та, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқыда ол жанама түрде араласып келген, кейіннен тікелей араласа бастады. Нарықтық және мемлекеттік реттеу бірін – бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеке негізделсе, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады. ....
Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді. Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді. Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал. Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар қүқықтың осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең таралғаны "табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау", "қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау", "халықаралық табиғат қорғау құқығы", "қоршаған ортаның халықаралық құқығы", "халықаралық экологиялық құқық" сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне: - құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі; - негізгі ластау көздері: а) өнеркәсіптік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері жатады. Халықаралық қауымдастық қоғамдық қатынастардың осы саласын арнайы құқықтық реттеуге мүдделі болып отыр. Оған экологиялық мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты шарттардың өсуі дәлел бола алады. Халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр. Халықаралық экологиялық құқық осы заманғы халықаралық құқықтың салыстырмалы түрде алғанда жас салаларының бірі. Қоршаған ортаны корғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. ....
Халықаралық теңіз құқығы - бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.
Конференция ғылыми-техникалық революцияның басталған кезінде өтіп жатты, ол мемлекеттердің теңіздегі қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді, бостандық алған елдерге конференция жүмысына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік берген отарсыздандыру процесінің жеделдетілуіне жол ашты. Конференцияда ашық теңіз туралы Конвенция, аумақтық теңіз және іргелес аймақ, континенттік қайраң, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы конвенция қабылданды. Бұдан басқа, осы конвенцияларды қолдану және түсіндіруге байланысты пайда болатын дауларды міндетгі реттеуге қатысты факультативтік хаттама, сондай-ақ 9 қарар қабылданды. Қабылданған конвенциялар теңіз қызметінің негізгі жақтарын қамтып, мемлекеттердің Дүниежүзілік мүхиттағы бейбіт достастығын дамытуға бағытталды, Жоғарыда аталған конвенциялар қолданыстағы халықаралык теңіз құқығының негізгі қайнар көздері болды. БҰҰ-ның I конференциясы халықаралық қүқықтың үдемелі дамуына және жүйеленуіне тарихи үлес қосты. Конференция нәтижелерінің жақсы бағалануы, онын қабылдаған конвенцияларымен халықаралық теніз қүқығының барлық мәселелері шешіледі немесе олардың барлық ережелері мәңгілік және өзгермес дегенді білдірмейді. Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа да көпшілік мойындаған қағидаларымен өзара байланысты. Мұндай байланыс халықаралық құқықтық тәртіптің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік мұхитта құқықтық тәртіптің үлкен маңызға ие болуына байланысты. Ашық теңіз еркіндігі қагидасы Бұл қағидаға сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады, Ол іс жүзіндегі халықаралык. құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің еркін және тең пайдалануына ашық. Ешқандай мемлекеттің ашық теқіздің бір бөлігін өзінің нелігіне алуға, бағындыруға құқығы жоқ. Бұл ереже 1958 ж. ашық теңіз туралы Женева Конвенция-сында бекітілген. ....