Халықты қорғаудың жеке медициналық жабдықтары түсінігіне анықтама беру

Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралдары болып теріледі.

Тыныс алу органдарын қорғау құралдары
Бұған газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшаулағыш көзқағарлары жатады.

Сүзгілік көзқағарлардың жұмыс істеу принципі
Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына түседі ауаны қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде шығады.
Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жұту сүзу арқылы жүргізіледі.
Адсорбция – адсорбент деп аталатын қатты дененің үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (ағаш) көмір адсорбент болып табылады.
Хемосорбция – УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттр мен ықпалдасуы есебінен жұтылуы.
Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады.
Түтін мен туманды (аэрозольді) сүзгілеу қалыңтырды құрайтын талшықты материалдан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі.
Халықты қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) газқағары қолданылады.
ГП-5 гзқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған.
Ол сүзгілік-жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен (шлем-маска) тұрады. ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-мака кіреді.....
Рефераттар
Толық