Халықаралық мораль императивтерінің түсінігі

Егер халықаралық құқықтың негізін қалаушысы ретінде Г. Гроций саналса, ал қазіргі әлемдік саясаттағы этикалық бастауларын салған тұлға И. Кант болып саналады.
Әлемдік саясатта мораль белгілі бір іс-әрекеттің қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екендігін көрсететін түсінік. Мораль латын тілінің mores сөзінен шығып қоғамда жалпыға алынған ортақ құндылықтар мен дәстүрді білдіреді. Дегенмен бұл түсінік жайлы көптеген даулы мәселелер көтерілуде, себебі мемлекеттердің, ұлттардың мораль императивтерін тусінуі әртүрлі деңгейде, дәрежеде. Бұған тарихи, діни және уақыт факторлары тікелей әрі жанама әсерін тигізеді. Мәселен бұрыңғы қоғам мен қазіргі қоғамның моральдық сұраныстары өзгерді. Қазіргі заман талаптарына сай адам құқығы, гендерлік теңсіздік, демократия мәселелері бұрын көтерілмейтін де. Керісінше сол кездерде мораль түсінігі күшпен тікелей байланысатын. Бұл реалистік дәстүрге тән концепция. Моральдың интерпретациясы, оны түсіну әртүрлі болғанымен дегенмен оған ортақ, универсалды түсінік бар ма, әлде ол тек дәстурлі түсінік шеңберінде ғана ма деген сұрақтар тууда. ....
Рефераттар
Толық