Мұқағали Мақатаев (Бәріне жауаптымын)

Бәріне жауаптымын.
Қашан менен қалғалы тағат, тыным,
Пісіп тұрған егінді бұршақ ұрса,
Айтыңдар жауапты кім?
Әрине, мен.
Мен оған жауаптымын.
Бүгінгі сәт, кешегі ағаттығым,
Салғырттықпен....
Өлеңдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім

Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.
Білім

Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.
Сөз

Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.
Портфель
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (кит, жылан, маса, тышқан, балық, мысық, қасқыр, қоян, түлкі, піл, сиыр)

Көзі бар, қанаты бар балық дене,
Сияқты зор тұлғалы алып кеме.
Кит

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.
Кірпі

Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас,
Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас.
Бес-алты ай демалыста күн көреді,
Оншалық керек етіп жемейді ас.
Жылан
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Қуанышты туған күн кеші

Орал қаласы № 1 жалпы орта білім беретін
мектепалды даярлық тобының
бірінші санатты тәрбиешісі
Муханбетова Раушан Тулепбергеновна

Тақырыбы: «Қуанышты туған күн кеші»
Мақсаты: Әр айда бір рет сол айда туылған балалардың туған күндерін атап кету, балалардың достарының, сазды сәлемдерін жеткізу. Туған күн иелерінің көңіл күймен бөлісе білуге, достыққа....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (жылқы, ит, ат, қошқар, бұғы, суыр, тасбақа, бақа, есек, кенгуру, түйе)

Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.
Жылқы

Адамға серік,
Күзетке берік.
Ит

Денесіне қапталған,
Сырты түбіт тоны бар.
Дыбыссыз кіріп шығады,
Бүкірейген жоны бар.
Мысық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Қазақша Жұмбақ: Шаруашылық құралдары

Алпыс тісті айдаһар,
Ешқайда қадам баспайды,
Қозғамасаң жатады,
Ештеңеден саспайды.
Ағаштан тамақ жейді екен,
Жұтпай шайнап тастайды.
Отын кесетін ара

Бас аяғы теп-тегіс боп біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.
Темір ара
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Уақыт, дәуір

Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.

Басыңа іс түссе:
Бекке барма, көпке бар,
Бек беліңді сындырады,
Көп ісіңді тындырады.

Хан халықтан үлкен емес.
Мақал-мәтелдер
Толық