Уақытша тіркеу деген не және ол үшін қандай құжаттар керек?

Қазақстанның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек. Бұл талапты орындамаған азамат 16 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта айып төлейді деп хабарлайды Егемен Қазақстан.

Жаңалықтар
Толық

Балабақша | Жаңа жыл (Қуант бізді Жаңа жыл! )

Балалар көңілді әуенмен залға ұстаса жүгіріп кіріп, әуенмен әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтап қалғанда шыршаның екі жағына тұрады.

1 - тәрбиеші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасарып жайнайды.
Құбылып, құлпырып.......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Әсел Сәдуақасова (1985 жылы 31 қаңтар)

Әсел Сәдуақасова - актриса, әнші, продюсер.
1985 жылы 31 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Музыка мектебін фортепиано сыныбы бойынша бітірген, ұлттық және бал билерімен айналысқан. Екі жоғары мамандықтың иегері - журналистика мен психология.
2002 жылы «Дауыс International» тобына кастинг арқылы қабылданған. Топ құрамында 11 жыл бойы өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Аяри» лақап атымен жеке шығып жүрді. Кейіннен құрбысы екеуі жаңа құрамның продюсері атанды. Екі бейнебаян түсірді. Әсел Сәдуақасованың өзі продюсер болған «Жұлдыз болғым келеді» жобасында жаңа жұлдыздарды тапты – «Altyn Girls» мен «Кофеин» топтары.
2015 жылы бірнеше жобалар мен бағдарламалардың жүргізушісі болды. Әселдің айтуынша, ол қазір ән айтуды тоқтатқан. Қазіргі таңда, жүргізушілік, актерлік және продюсерлік салаларға көбірек көңіл бөліп жүр. «Sunny Production» продюсерлік орталығының негізін қалаған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жанат (Жан) Байжанбаев Әнуарбекұлы (1961 жылы 5 тамыз)

Байжанбаев Жанат (Жан) Әнуарбекұлы - актер.
1961 жылы 5-тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
1982 жылы Алматы көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген.
1984 жылдан бастап Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының штатты актері.
КСРО кинематографистер Одағының мүшесі (1989).
2005 жылы «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Отбасылы. Жары – Гүлнар, қыздары - Диляра мен Рамина.
Кинодағы рөлдері:
2015 Рэкетир 2: Жаза (Қазақстан) - Жан ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Шоқан Уәлихан (1995 жылы 13 шілде)

Шоқан Уәлихан
“1995 жылы 13 шілдеде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келдім. Есімімді Шоқан деп әкем қойған. Әкемнің аты – Уәлихан.
Қазақ ырымшыл халық қой. Әкем маған есім таңдағанда Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың ұлы тұлғасы болсын деген шығар. Бірақ маған ешқашан сенің есіміңді әдейі осылай қойдық, Шоқан атаң сияқты ғалым бол деп айтқан емес. Әркімнің өз жолы бар екенін ата-анам да жақсы түсінсе керек”, – дейді жас әнші.
Бала Шоқанның Шоқан Уәлихановпен таныстығы мектеп табалдырығын аттаған сәтте басталыпты. Бірақ Шоқан ұлы тұлға туралы жеке ізденіп, өмірбаянына қызығушылық танытпағанын айтады. Ол ғылымнан гөрі өнер саласына көбірек қызыққан.
Ұлы ғалымның есімі берілгенін ес білгенге дейін түсінбедім. Адамдармен танысқан сәтте аты-жөнімді айтсам, сенімсіздік танытып, “әзілдеп тұрған жоқсың ба?” деп сұрайтын. Мектепте Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлихановтың кім екенін білу міндетті ғой. Бірақ Шоқан Уәлиханов жайлы көп білуге тырыспаппын.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тілектес Мейрамов Уахитұлы (1948 жылы 5 мамыр)

Тілектес Уахитұлы Мейрамов (1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында туған) — актер, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1996). Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982). Құрмет орденінің иегері.
Тілектес Уахитұлы 1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген.
1967 - 1971 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер институты) актерлік бөлімін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов және КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекованың жетекшілігімен бітірген.
2011 жылы Қырғыз Мемлекеттік Б. Бейшеналиев атындағы Өнер Институтының «Режиссура» мамандығын сырттай оқыды.
1973 - 1983 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы студияда оқытушы.
1983 - 2007 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ғани Құлжанов Әбдуәлиұлы (1965 жылы 20 қыркүйек)

Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов (1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған) — танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1998).
Ғани Әбдуәлиұлы 1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.
1984 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі (бұрынғы Алматы музыкалық училищесі)н бітірген.
1987 - 1991 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы театр және көркемсурет институты)ның актерлік бөлімін КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген.
1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынды.
2007 жылы Астана қаласының әкімдігінің шақыртуымен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына актер ретінде қабылданды.
2007 жылы Астана қаласындағы Жастар театрына директорлық қызыметіне тағайындалды.
2007 - 2013 жылдары Астана Жастар театрының директоры болды.
Қазіргі таңда Астана Жастар театрының актері....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968)

Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968 ж.) — актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі (1959 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.).
Өмірбаяны
1922-25 ж. Қоянды жәрмеңкесі думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетті
1926 ж. Қызылордада қазақ драма театрын құруға қатысушылардың бірі болды.
1927 ж. Мәскеудегі этнография концертке қатысты.
1928-64 ж. М.О. Әуезов атындығы қазақ драма театрының (Алматы) актері. Театрдағы таңдаулы рөлдері Нысан Абыз, Тәнеке. Абай (М.О. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Түнгі сарын», «Абайыңда»), Балуан (Ғ.М. Мүсіреповтің «Ақын трагедиясында»), Городничий (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Брабапцио, Баптиста (У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсауында»),
1937 жылдан киноға да түсті; Байбол («Амангелді»), Абай («Абай әлемінде»), Берғалиев («Алтын мүйізде»), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта»). Педагогика қызметпен де айналысты.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық