Тәуелсіз елдің бейбіт ұрпағы

...Жасқанып өскен, жаумен жағаласа алмайды... Жастарды біз ержүрек етіп тәрбиелеуге міндеттіміз» -деген Бауыржан Момышұлының өсиетті сөзін оқып, терең ойға көмілдім...
Қазақтың мақтанышына айналған хас батыр ғана осылай қасқайып тұрып айта алады. Бұл жай тілек емес, бұл – аманат , бұл – тағлым. Ерлік жасау үшін ержүрек қана болмай, елін, жерін сүйетін үлкен жүректі азамат болу керек. Батыр туған жерінің қасиетті топырағынан, суының тұнығынан, елінің парасаттылығынан жаралады екен. Сол бір зұлмат соғыс – Ұлы Отан соғысында аталарымыз Жеңіске жетті. Ұлы Жеңіске оларды жетелеген – жасқанбайтын өр мінездері, жауына бітіспес өшпенділігі. Ұлы Отанын қорғаған Кеңестер Одағының әр азаматы Жеңіс күнін жақындатып, қасық қаны қалғанша күресті. Сұрапыл соғыстағы Жеңіске биыл 70 жыл толады. Содан бері 70 рет жиде гүлдеп, 70 рет қайың бүр жарды...
Арысынан айрылған аналар, боздағынан айрылған сұлулар, әкесінен айырылған балалар сан мыңдаған рет терең күрсініп үнсіз көз жасын төкті...Иә, 70 жыл аз уақыт емес... 70 жылда үш ұрпақ дүниеге келіп, өсіпөнді. Бірақ соғыс салған жүректегі іздер әлі жазылған жоқ. Жазылмақ емес, өйткені адамзат тарихындағы бейбіт жатқан елге жасалған жауыздық, көзден аққан қанды жас, дүниеге келмей жатып жетім атанған баланың көз жасы ешқашан ұмытылмайды. Иә, «Ерлік ел жадында сақталады» дегендей, ұрпақтан-ұрпаққа олардың ерліктері жайлы естеліктер жазылып, тарихи бағалары берілді, әлі де берілері хақ......
Шығармалар
Толық