Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!». Осындай керемет ұғымдардан Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туын желбіретіп, әнұранын әуелетіп отырған елміз. Тәуелсіздік туының желбірегеніне, міне, 25 жыл толады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Биылғы жылды Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын есепті жылы десек, қателеспейміз.
Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп:
«Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді»- деп, алдағы кезеңде әлі де кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырған болатын. Сонымен қатар, біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атқанын, сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туғанын мақтанышпен айта келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өткен еді. Қазір алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты......
Шығармалар
Толық