"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева анасының туған күніне орай аса әсерлі жазба жариялап, жоқшылық көрген кезін есіне алды. Әншінің анасы отбасын асырау үшін әр баласын босанғаннан кейін, үш айдан соң бірден жұмысқа шығып жүрген деп жазады NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Instagram оқырмандарына барынша ашылып, басынан өткен қиын кезеңдер туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі ақша жоқта бала-шағасының қамы үшін шапқылап еңбектенген анасының ерлігі туралы айтып берді. .....
Жаңалықтар
Толық

"Сені жақсы әнші деп ойлаушы едім": Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты. Біраз уақыт өкпелесіп жүрген екі әншінің үлкені алғашқы болып сөз бастады. Меруерт ханым Мәдинамен арада даудың қалай тұтанғанын түсіндіріп берді.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.....
Жаңалықтар
Толық

Меруерт Түсіпбаева 3 жылға сотталуы мүмкін

Меруерт Түсіпбаева мен Жадыра Сахиеваның арасындағы дауға әлі нүкте қойылған жоқ. Себебі, алғашқысы үш рет сот отырысына келмей қалған. Сәнгердің қорғаушысы әнші кешірім сұрамаған жағдайда үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.
Жаңалықтар
Толық

Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева (1971 жылы 6 тамыз)

Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева (1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино актриса, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2000). Педагогика ғылымдарының кандидаты (2009).

Меруерт Балғабайқызы 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "музыкалық театр актері" мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген.
1995 - 2001 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды. Осы театрда жүріп, Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан мен Есеней» спектаклінде Ұлпан рөлін, М.Ақынжанов, А.Әшімовтың «Алтын сақасында» Күнбала рөлін, М.Шаханов пен Ш. Айтматовтың «Сократ» спектаклінде Нуриді және т.б. елге танымал койылымдарда аса биік актерлік шеберлік көрсете білді.
1996 жылдан жеке шығармашылықта. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық