Түркістаным тұраным

Түркістан Қазақстан Республикасындағы тарихи қала, Иассы – Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық әкімдік аумағының орталығы. Сырдарияның оң жағалауында Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Халқының саны 90,3 мың адам. Қаланың іргетасы б.з. 1 мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2 мыңжылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңірлеріндегідей андрон мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылығы қаланы құлдыратып жіберді. 1819 жылы Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. Қалада мақта тазалау, жем, кірпіш заттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар, кәсіпорындар жұмыс істейді. С.Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы «Әзірет Сұлтан қорық мұражайы» ашылды. 1991 жылы Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізі қаланды. Юнеско шешіміміен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы әлемдік деңгейде аталып өтілді.....
Рефераттар
Толық