Тіс құрылысы

Тіс (dentes) ауыз қуысындағы үстіңгә және астынғы жақсүйектердің иектеріндегі тіс ұяларында орналасады. Тіс эмбрионының дамуы кезінде 7- аптадан бастап ауыз қуысының эпителий және дәнекер ұлпаларынан пайда болады. Тістің химиялық құрамы мен физикалық қасиеті сүйекке жақын. Тістің сүйектен айырмашылығы: тіс тозған сайын бірнеше рет ауысады (төменгі сатылы омыртқалы жануарларда – хайуанаттарда өте көп, ал адамдарда екі кейде үш рет алмасады); тіс сүйек тәрізді бұлшық етке жалғаспайды; тіс ұясына қазықша қадалып, қимылсыз орналасады.
Тістің негізгі қызметі: тістеп үзіп алу, қырқу, жырты, шайнау, езу, үгу, кеміру, сондай- ақ сөз сөйлеуге де қатынасады.
Тістердің тарихи даму (эволюция) барысында біртіндеп саны азайып бара жатқаны байқалады. Мысалы, қағанықты жануарлардың жалпы тістер саны – 44 (3,1. 4,3), кеңтанау маймылдарда – 36 (2,1. 2,2) ал адамдарда – 32 (2,1. 2,3), кейде 30 (2,1. 2,2) болып, ең соңғы “ақыл тістің” шықпай қалуы да мүмкін. Сондықтан қазаққа “Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды” деген мәтел жиі қолданылған.
Тістер сүт тісі және тұрақты тіс болып екіге бөлінеді. Тұрақты тіс (dentes permanentes) – 32, бұлардың жоғарғы жақсүйекке – 16, төменгі жақсүйекке – 16 тіс орналасады. Тіс қатарында өздерінің аттарына қарай 8 тіс орналасады, олардың 2-еуі – күрек тіс, 1-еуі – сүйір тіс,2-еуі – кіші азу тіс, 3- еуі – үлкен азу тіс деп аталады. Оның формуласы мынадай болады:

Тұрақты 32 тістердің тізбегі
деп жазылады. Оларды тұтас қарағанда сегіз күрек тістер, төрт сүйір тістер, сегіз кіші азу тістер, он екі үлкен азу тістер деп оқу қажет.
Үлкен азу тістің үшіншісін “ақыл тіс” (dens serotinus) дейді. Ол басқа тістердің ең соңында ғана 12-26 жас аралығында шығады. Соңғы азу тістер өте тез жетіліп кетеді. Кейде “ақыл тістің” мүлде шықпай қалуы да мүмкін. Бұл адам тісінің біртіндеп азайып бара жатқанын аңғартады. Шындығында да солай. Өйткені адам өз өмірінде алдын ала ұқсатылып, майдаланған, пісірілген тамақтарды падаланады ғой.
Бала тіссіз туады. Бала 6 айға толғанда тіс жара бастайды, ал екі жасқа толғанда тістер толық шығып бітеді. Сүт тістерінің жарып шығу мерзімдері 140 – суретте көрсетілген. Бірінші шыққан 26 тіс сүт тістер (dentes decidui)деп аталады. Оның 2-еуі – күрек тіс, 1-еуі – сүйір тіс және 2-еуі – азу тіс болады.
Сонда сүт тістің тізбегі болып шығады. Бұл тізбектен сүт тістерінде кіші азу тіс және ақыл тістердің жоқтығын байқаймыз.....
Рефераттар
Толық