Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші ретті жыныстық белгілердің дамуы (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші ретті жыныстық белгілердің дамуы
Оқыту мақсаттары: 9.2.1.3 - жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау
Сабақ мақсаттары: • жыныстық жетілу кезеңдерін біледі
• екінші ретті жыныстық белгілердің дамуын сипаттай алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жастарға бата

Жарылқа, Тәңір, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Бере гөр, мына жастарға
Ізет - абырой, бақ - дәулет.
Береке орнап бақ қонсын,
Баянды боп нақ қонсын.
Талап қылса әрнеге,
Тек жақсылык, тап болсын.
Жастығы өтсін гүлдей боп,
Төрт құбыласы бірдей боп.
Бере көрме оларға,
Жан төзгісіз бір бейнет.
Жолдары болсын әманда,
Пайдасы тисін қоғамға.
Тәңірім өзі қолдаса,
Бақ қонады адамға!
Әумин!.....
Баталар
Толық

Мал-жанға берілетін бата

Е, Құдайым, оңдасын,
Мың саулығың қоздасын.
Сегіз түйең боталап,
Сегіз келін қомдасын.

***
Жүзге жетсін түйеңіз,
Үш жүз болсын биеңіз!
Әлдеріңнің келгенінше
Жығылғанды көтеріп,
Сүйенгенді сүйеңіз!
Тарығып келген адамға,
Бермесек, отқа күйеміз,
Бергенді тым - ақ сүйеміз.
Жомарттық қылып қолдасаң!
Әрбір жерде жар болсын
Бір жасаған - Иеміз!.....
Баталар
Толық

Мерейтой батасы

Той дастарқаны мол болсын,
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың,
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын,
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.

***
Құрметті той иесі,
Ісіңді тағдыр оңдасын,
Қайда жүрсең қолтықтап,
Қыдыр бабаң қолдасын!
Жамбылға ұқсап көп жаса,
Денеңде дерт болмасын,
Тойың тойға ұласып.....
Баталар
Толық

Бауыржан Момышұлының ақ батасы!

Е, Жаратушы, Жасаған!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Тозақтағы оттан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта.
Парақор соттан сақта.
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек батылдан сақта,
Дәйексіз тіл тақылдан сақта.
Адалдықты арбаған ақыннан сақта,
Ашу жеңген ақылдан сақта,
Қайырымсыз жақыннан сақта.....
Баталар
Толық

Ер - азаматқа бата

Жазықсыз жаладан сақтасын,
Арқаңа ауыр жүк батпасын.
Сөйлесең шешуші сәттерде,
Сөзіңе ағайын тоқтасын.

Еңбегің еленсін әрдайым,
Арайлап жайнап бер таңдайын.
Ер болып туған соң анадан,
Ойлай жүр халықтың жағдайын......
Баталар
Толық

Сабақ жоспары: Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар

Пәні: Жаңа педагогикалық технологиялар
Тобы: 2 п МК, 3 с КШИ
Уақыты: 12.04.2016
Сабақтың тақырыбы: «Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар»
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік
Ә) коммуникативтік құзыреттілік
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі ....
Сабақ жоспары
Толық

Тіл тағдыры — ел тағдыры

Тіл – қатынас құралы. Адам тыңдаушыға өз ойын емін–еркін жеткізіп, сондай–ақ тіл арқылы байланыс құрып, бұл қоғамда ілгері жылжу үшін белгілі бір ел болып, мәңгі өмір сүру мақсатында пайдаланылатын тіл – адамның дене мүшелерінің ішіндегі ең қажеттісі. Себебі, «Тілі өлген ел–тірі өлген ел».

Бүкіл әлемдегі елдерді алып қарайтын болсақ, әр елдің өзіне тән тілі, діні, салт–дәстүрі бар. Осы және тағы да басқа факторлар арқылы бір мемлекет өзге елдерден ерекшеленіп, әлем картасынан жеке қамтитын аумағын қалыптастырады. Дамыған елдердің қатарына кіріп немесе ғасырдан– ғасырға тарихи құндылығымызды жоғалтпай өрбу, қандай да болса мемлекеттің мақсаты. М.Әуезовтың «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» демекші «Тіл мәртебесі–ел мәртебесі».

Қазағым ойшыл, керемет халық қой. Өмірдегі кез келген жағдай, шешімін табар–таппас іске ақыл қосып, көмек сілтейтіндей өзінің оймақтай болса да ойлы мақал–мәтелдерін өз ұрпағына асыл рухани азық қорын мұра еткен. Ана дегенде толқымайтын теңіз, туламайтын жүрек болмайды деп көркем жазсақ, тіл дегенде бірден ойыма келетіні, жаныма жылу сыйлайтыны, ұлттық рухымды көтеретіні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіндегі тілге арналған мына өлең шумақтары:

Ал екінші бақытым – тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Кей–кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім........
Шығармалар
Толық

Тіл мәртебесі-ел мерейі

Тіл-адам баласы пайда болғаннан бері қолданыста жүрген, бізге заманауи өзгеріп келген асыл қазына. Тілсіз бір күнді елестету мүмкін емес. Себебі, бұл біздің өмірімізге әбден араласып кеткен, біздің байланысу құралымыз. Мен қазақ ұрпағы болғандықтан тіл арасынан қазақ тілі мен үшін әлемдегі ең күрделі әрі әдемі сөздерімен айтарын тұспалдап айтатын ерекше тіл. Қазақ тілінің күрделі,әдемі,тұспалдағыш болғаны соншалық қазақтардың өзі қазақша бұлбұлдай сайрай алмайды.

Біз қазіргі кезден тілге аса қатты назар аударамыз. Себебі қазір білім мен ғылымның әбден дамып, шегінен асып кетіп тұрған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл үлкен мәртебе. Қазақстан Республикасы да заманымызға сай үш тіл меңгеріліп жатыр. Яғни, Қазақстандағы әр бала өз заманына сай білімді деуге болады. Бірақ, "өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген-ді. Осыны естен тыса шығармау міндет.

Әлем танитын ел болып, бірігу үшін өз тілімізде сайрап тұру қажет. Көп жылдар бойы есте сақталып, ана тілін ерекше сүйген патриоттардың, ата-бабамыздың, аталарымыздың насихаты, шежіресі, кітаптары қазір сақтаулы. Олар әр қазақ қалалары мен ауылдарының мемктебі мен кітапханаларының алтын төрінен орын алып, болашағы жарқын елдің ұрпақтары сол кітаптан білім алуда. .....
Эсселер
Толық