Тіл туралы өлеңдер

Қазақ ақындарының ана тілі туралы жазған ең үздік шығармалары. Топтамада Мұхтар Шаханов, Тұманбай Молдағалиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қадыр Мырза Әли, Мұзафар Әлімбай сияқты қазақ әдебиетінің белді тұлғаларының туындылары бар.
Өлеңдер
Толық

Көміртек, кремний және олардың маңызды қосылыстары. Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының таралымы. № 8 Көрсетілім «Ерітілген қосылыстардың белсендірілген көміртекпен сіңірілуі (адсорбция)». (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Көміртек, кремний және олардың маңызды қосылыстары. Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының таралымы.
№ 8 Көрсетілім «Ерітілген қосылыстардың белсендірілген көміртекпен сіңірілуі (адсорбция)».
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.34 көміртек, кремний және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін білу;
10.2.1.35 иіс газымен уланудың себептерін түсіну және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау;
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
- көміртек пен кремнийдің физикалық және химиялық қасиеттерін білу;
- көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуын түсіну;
- көміртек пен кремнийдің қасиеттерін салыстыра алу;
- көміртек, кремний және оның қосылыстарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсіндіре алу;
- иіс газымен улану процесін талдай алу;
- алғашқы көмек көрсету жолдырын ұсына алу;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экономика | ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ

Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
• жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
• әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;
• сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
• сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;
• өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.

Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Артықшылықтары:
• қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
• тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
• тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
• өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері: ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ

Бұл жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни экономикада бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.
Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.....
Рефераттар
Толық

Дертті тілге қарап анықтауға болады

✅ Сау адамның тілі қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келеді. Ал тілдегі патологиялық өзгерістер мыналар:

✅ Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуының белгісі.

✅ Тілдің қараюы – антибиотиктерді шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердің едәуір жетіспеушілігі кезінде байқалады.

✅ Тілдің сарғыштануы – бауыр мен өт қабының аурулары кезінде немесе темекі шегу, кофе ішу нәтижесінде болуы мүмкін.......
Кеңестер
Толық

Махамбетәлиева Зере | Тілге құрмет


«Ұлттық рухтың негізі-ұлттық тіл»,-деп Мұстафа Шоқай айтқандай рухани мұра іспеттес алтын тілімізді құрметтеу біздердің басты міндетіміз.Өйткені,халық аузындағы тіл өшсе-халық та өлгені.Ал,халықтың өлгенін кім қалайды дейсің?Әйтсе де,ықылым заманнан баға жетпес қазына саналып келе жатқан тіліміздің бүгінгі таңдағы жағдайы мәз емес!Асыл текті төрелердің,ұлтшыл жанның ұрпағы болған қазақ халқының бүгінгі әл-ауқатындағы өзекті мәселелерінен қабырғаң қайысып,жаның удай ашитыны бар.Тілге құрмет-елге құрмет дейміз.Біздер тілімізді қаншалықты құрметеп жүрміз?Өзге тілдің жетегіне еріп,бағынышты болған бүгінгі қоғам пултьпен істейтін ойыншық тәрізді көрінеді.Сол пултьке бағынышты,соның дегенін орындайды.Тарих беттерін парақтасақ,кезінде «тілім,дінім!» деп қасық қаны қалғанша жан беріспей бүгінгі күнге аманат етіп кеткен батыр бабаларымыздың аманатына қиянат жасап жүргеніміз не? «Балық басынан шіриді» демекші,жоғарыдағы ағаларымыздың өзі ана тіліне жаны ашымай,шалалық танытып жатса бүгінгі қазақ халқының не оңғандығы дейсің!?Тұрсынбек Қабатов: «Қазақ тілі ең қиын тіл.Қиындығы соншалық кейбір қазақтардың өзі сөйлей алмайды» деген астарлы әзілінің өзі рас екен-ау дейсің бүгінде. .....
Әңгімелер
Толық

Рамазан айы. Ораза тұту пайдалы

Аллаһу та’ала адамдарға зиянды нәрсені әмір етпейді. Мұны медицина мамандары растауда:

    Ораза тұтқан адамдарда адреналин және кортизон гармондары қанға бұрынғыдан да оңай араласады. Бұл гармондар рак клеткаларына әсерін тигізеді. Осылай рак клеткаларына қарсы қалқан.....

Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Оразадан күтілетін пайдалар

Ораза тұтқан кезде дініміздің басқа бұйрықтарына да мән беруіміз керек. Оларға мән берілмесе тұтылған оразаның сауабы азаяды немесе жоқ болады. Оразаның және басқа бұйрықтардың мақсаты - дұрыс адам болу. Ораза тұтқан адам жаман істер жасайтын болса, оразадан күтілген пайдаға қол жеткізу....

Кеңестер
Толық