Тиеп түсіру машиналары Тиегіштер түрлері Жұмыс процесі

Қолданылуы: сусыма және ұсақдәнді, сонымен қатар даналы материалдарды тиеу және аудару үшін қолданылады. Жұмысшы жабдық нұсқаларының көптігі және жұмыс органдарының ауыспалылығы құрылыс тиегіштерінің жұмыс жасау облысын кеңейтіп, оларды құрылыс тасымалының барлық этаптарында қолданылатын универсалды машинаға айналдырады.

Негізгі параметрлері: максимал жүккөтергіштігі – тиегіш гидроцилиндрлері көтере алатын жүктің ауырлық күші.

Біршөмішті фронталь пневмодөңгелекті тиегіштер.

БФПТ-тердің жұмысшы жабдығы жебе, коромысло, тартқыш, гидроцилиндрлер құратын рычагты механизмнен тұрады.
1. Қызметіне қарай тиегіштерде рычагты механизмдердің екі типі қолданылады:
2. Шөміштің аударылуы кезінде төмен жылдамдық пен жұлқу күшінің артуын қамтамасыз ететін Z типті механизм;
3. Жұлқу күшінің төмендеуін, шөмішті лақтыру жылдамдығын артуын қамтамасыз ететін Н типті механизм.

Тиегіштердің тік кескіш жүздері бар тіссіз стандарт шөміштері мына жағдайларда қолданылады: үйме қысымы 1.8 т/м3 құм, гравий және сазды топырақтарды тасымалдау. Кескіш жиек беріктігі жоғары кескіш болаттан дайындалады. Сонымен қатар, түсіру биіктігін ондаған сантиметрге жоғарылатытын, машинаның универсалдылығын арттыратын жақты шөміштер де қолданылады, бірақ олар жұмысшы жабдықтың күрделенуіне, қосымша гидравликалық контурлар орнату қажеттілігіне және пайдалы күштің төмендеуіне алып келеді.
Гранитті щебень мен жарып алған тау жыныстарымен жұмыс жасау кезінде тісті немесе тіссіз жиектері тік, сыртқа шығыңқы беріктігі жоғарылатылған шөміштер қолданылады.
Сыйымдылығы жоғары шөміштер (2.5…3 есе) жеңіл материалдарды жүктеуге қолданылады: көмір, торф, тұрмыс қалдықтары, қар.
Шөміштің жерде аударылу бұрышы оның толу дәрежесін анықтайды. Ең жақсы нәтиже соңғы этапта шөміштің ашылу кезінде жақтары жер бетіне параллель болған кезде алынады. Аудару бұрышының диапазоны 340 пен 500 аралығында өзгеріп отырады. Ол гидроцилиндр өлшемі мен рычагты механизм типіне тәуелді болады.
Шөміштерден басқа заманауи БФПТ даналы жүктерді поддонға орналастыруға арналған грейферлі жақты әртүрлі айырлармен жабдықталуы мүмкін. Сонымен бірге БФПТ, кранды құрылғылармен жабдықтала алады. Ауысымды бөлшектерінің көптігі жылдамдығы жоғары тез әсер ететін қапсырмалардың сұранысқа ие болуына әкелді.
Пневмодөңгелекті тиегіштер гидротрансформаторлы жіне күш түсірілген КПП-сы бар гидромеханикалық трансмиссиямен жабдықталады. Көп жағдайда тиегіштердің жылдамдық таңдауы жұмысшы органға түсіп тұрған жүкке байланысты автоматты түрде болады. Трансмиссия беріктігі жоғары, иілуші моменттері жоқ, дифференциалды, төмендеткіш редукторлы және аз жүк түсірілетін көпдискті тежегішті жартылай осьтермен кешендендірілген. Соңғы уақытта БФПТ-ларға энергияның қозғалтқыштан КПП-ға өтуін қамтамасыз ететін гидрокөлемді трансмиссиялар орнатылады.
Мұндай трансмиссияларды енгізудің мынадай артықшылықтары бар:
Қозғалтқыш кез-келген жұмысшы күштердің толқуы кезінде оптимал режимде жұмыс жасайды;
Ең көп тарту күшіне ықтимал максимал жылдамдықта автоматты түрде қол жеткізуге болады;
Тарту күшінің шамасы тиегіштің басқа жүйелерінің жұмыс жасауға кететін қуатына тәуелді болмайды;
Отын шығының төмендеуі.
Барлық заманауи БФПТ-лар функциялары келесі түрде сипатталатын автоматты жүйелермен жабдықталады – ол оператордың жиі қайталанатын операцияларға назар аудару қажеттігін болдырмайды: берілістерді қойып отыру, жұмыс режимін алмастыру, машина жылдамдығының күшке адаптациясы және т. б. ....
Рефераттар
Толық