Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: заттардың тасымалдануы Сабақ тақырыбы: Белсенді емес (енжар) және белсенді тасымалдау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.1.3.1 енжар және белсенді зат тасымалдауды салыстыру Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар біледі: Пассивті және белсенді тасымалдаудың ұқсастығы мен айырмашылықтарын Көптеген оқушылар түсінеді: Тасымалдаудың түрлі түрлеріне арналған энергия шығындарындағы айырмашылықтарды Кейбір оқушылар жасай алады: Белсенді және пассивті тасымалдау механизмін түсіндіреді.....
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары Сабақ тақырыбы: Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.6.1.1 Желінің өткізу қабілетін білу 8.1.2.1 Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру. 8.6.2.1 Сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіну Сабақ мақсаты: • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру. • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіну • Желінің өткізу қабілетін білу.......
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары Сабақ тақырыбы: Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.6.1.1 Желінің өткізу қабілетін білу 8.1.2.1 Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру. 8.6.2.1 Сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіну Сабақ мақсаты: • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру. • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіну • Желінің өткізу қабілетін білу.......
«Халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік кірістер департаменттері мен кедендер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру; 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. 9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке тәртіппен: 1) еркін нысанда жазылған өтініш және халықаралық тасымалдау көлік құралын қарап тексеруге бос күйінде әкелу; 2) Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 676 шешімімен (бұдан әрі - Шешім) белгіленген нысан бойынша жіберу туралы куәліктің бланкісі; 3) автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің конструкциясының сызбалары, фотосуреттері және егжей-тегжейлі сипаттамасы; 4) автомобиль көлік құралына, тіркемеге, жартылай тіркемеге қатысты жеке меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару немесе иелік ету құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен ксерокөшірмелері; 5) автомобиль көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі. Өтінішке қоса берілетін фотосуреттер мен сызбаларда автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің алдыңғы жағынан, артқы жағынан, сол жағынан, оң жағынан түрлері, сондай-ақ кедендік пломбалар мен мөрлерді салу үшін орындар көрсетілуі тиіс. Бір фотосуретте немесе сызбада бір мезгілде автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің көп дегенде екі түрін көрсетуге жол беріледі. Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады. Көлік құралдарының конструкциясының (сериясының) типі бойынша: ....
Тиелген вагон ағындарының тасымалын тиімді ұйымдастырудың маңызды тәсілінің бірі – жөнелтушілік маршруттау немесе тиеу орнынан маршруттау. Маршрут дегеніміз – ТПЕ-сіне сәйкес бекітілген массасы және ұзындығы бар пойыз құрамы. Тиеу орнынан маршруттау келесі белгілері бойынша топталынады: - ұйымдастыру тәсілі бойынша: • жөнелтушілік – бір станцияда немесе бір кірме жолда тиелген немесе құрастырылған бір немесе бірнеше жөнелтушінің пойыз құрамы; • сатылы – бірнеше кірме жолдарда немесе бірнеше станцияларда тиелген вагон топтары, бір бекітілген ортақ станцияда жиналып, құрастырылған бірнеше жөнелтушілердің пойыз құрамы; • шеңберлік – бір тиеу станциясы мен бір түсіру станциясы аралығында тұрақты жүк тасымалдап тұратын пойыз құрамы. - тағайындалуы бойынша: • тікелей – пойыздағы барлық вагондар бір қабылдау станциясы жеткізілетін пойыз құрамы; • шашыратуға – пойыз құрамындағы вагондар бірнеше қабылдау станциясына тағайындалған пойыз құрамы. Тарқату мақсатында тағайындалған станцияларға ортақ жақындау станцияға тоқтап тарқатылады. - тасымалдау қашықтығына байланысты: • халықаралық – жөнелту станциясынан қабылдау станциясына жету үшін бірнеше елдің теміржолымен өтетін пойыз құрамы; • ішкі – бір елдің теміржолы ішінде жүретін пойыз құрамы. Пойыз салмағы мен ұзындығын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы белгілейді, ал жол бөлімі ішінде жол бөлімі бастығы (НОД) бекітеді. Маршрут құрамында бір типті жүктер немесе бірнеше жүктің түсі болуына рұқсат теілген. ....
Интернеттің қалай орналасқанын ұғыну үшін ақпараттың желі арқылы қандай тәсілмен берілетіні туралы қысқаша түсінік алу керек. Компьютерлік желінің мақсаты А компьютерінен В компьютеріне берілетін ақпараттардың биттерін тасымалдау. Тасымалдау барысында биттердің жоғалып кетпеуін қадағалау қажет. Ақпаратты екі түрлі тәсілмен беруге болады: желінің көмегін қолданып коммуникация пакеттерімен немесе коммуникация каналдарымен. Желінің коммуникация пакеттері - бұл кәдімгі пайдаланылып жүрген пошта. Мұнда хатты жазып оны конвертіне салып, оның сыртына хат алушының адресі көрсетіледі. Ол поштада түрлі бағытта сортталады және оны түрлі вокзалдарға немесе аэропорттарга жөнелтеді. Жолда түрлі қиындықтармен әйтеуір жетеді, бірақ сорттауға және т.б. жұмыстарына қосымша уақыт пен күш жұмсалады. Web-серверлерде орналасқан Web-құжатты іздеу және онымен қатынасу арнайы URL (Uniform Resource Locator) көрсеткіші арқылы орындалады. Стандарты URL ақпаратты беру протоколын анықтайтын үш бөліктен тұрады: ақпарат орналасқан компьютердің аты, жолы, яғни протокол/компьютер аты/бума аты/файл аты. ....
Жүктік автомобильдік тасымалдарды жіктеу. АК өндірістік үрдісі жүктерді және жолаушыларды тасымалдау болып табылады және автомобильдік тасымалдар деп аталады. Автомобильдік тасымалдарды орындау үрдісін төрт кезеңге бөлуге болады: - жоспарлау; - ұйымдастыру; - бақылау және жедел басқару; - жұиыс нәтижелерін есептеу және талдау. Тасымалды орындау жағдайының және ГАП жүктерінің түрлерінің әр түрлілігіне байланысты келесі белгілері бойынша бөледі: Салалар бойынша ( күтілетін кәсіпорындардың түрлері, артынан, тасымалданатын жүктердің түрлері ): өнеркәсіптік ¾ тасымалдың жалпы көлемінің 30 % ( бұл шикі затты, дайын өнімді, отынды, өнеркәсіптік объектілердің арасында тасымалданатын сыртқы көліктің тоабтары және қоймалық территорияны қосқандағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүктері ); құрылыстық – 35 % ( бұл құрылыстық өнеркәсіптердің жүктерінен шикізаттық құрылыс материалдары, құрылыстық жабдықтар және машиналары, жер және құрылыс қалдықтарынан тұратын өнеркәсіптік және азаматтық күрделі құрылыстың жүктері ); ауыл – шаруашылығы - 10 % ( бұл азық – түлік, өнеркәсіп тауарларымен және тұрғындарға тұрмыстық қызмет жүктерді, қаланы қатты туристтық қалдықтардан, қардан және қоқыстан тазалау жүктерді, отындық жүктерді ); ....
Дүние жүзіндегі экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ел ішіндегі жүк тасымалдау және жол қатынастарының даму деңгейімен ел экономикасының көрсеткіштері біріне бірі сәйкес. Бұл елдерде барлық жүк тасымалдау жұмыстары белгілі бір мемлекеттік деңгейде реттелініп, қадағаланып отырылады. Өйткені қандай да болмасын өнеркәсіп бұйымдарын шығаруда немесе өндіріп сатуда тасымалдауға сол бұйымның жиырма пайыздан астам, кейде елу пайызға дейін құны өседі, сол себепті мемлекет әртүрлі амалдармен, арнаулы бағдарламалар арқылы жүк тасымалдаушыларға жеңілдіктер жасап, өндіріс бұйымдарының бағасына әсер етіп отырады. Автокөлік тасымалдарын ұйымдастыру кез келген автокөлік кәсіпорны жұмысының маңызды және негізгі міндеті болып табылады. Көліктегі өндірістік процесті ықшамды ұйымдастыру уақыт және қаржы шығындарын азайтуға, жылжымалы құрам өнімділігін жоғарылатуға, тасымалдардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Экономикалық көрсеткіштерді есептемегенде, автокөлік кәсіпорынының экономикалық жағдайына едәуір әсер ететін ұжымның жұмыс шарттарын жетілдіру, автокөліктің қоршаған ортаға зиянды әсерінің дәрежесін төмендету сияқты мәселелерге назар аудармаса болмайды [1.2]. Автокөлікпен тасымалдау жылжымалы құрамның жағдайын, көліктік процесті ұйымдастыруды және жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорынның әр автомобильдің жұмысын жеке бағалау мүмкіндігін береді. Барлық уақыттарда сауда мен көлік дамуы кез келген мемлекеттің тез дамуына әсер ететін факторлар болып табылған. Нарықтық экономикаға көшу шарттарында көліктің тасымалдау, соның ішінде автомобиль көлігіне байланысты мемлекеттік саясат төмендегі басымдылықтарды ескере отырып жүргізілуі тиіс: - көлік шығындарын азайту; - қозғалыс қауіпсіздігі; - экологиялық қауіпсіздік; - ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту; Көліктің негізгі міндеті – бұл жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы тұтынушының қажеттіліктерін уақытылы және сапалы өтеу. Ал автокөліктің жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттырып және «есіктен-есікке» жеткізу мүмкіндігі бар. Көлік қандайда бір мемлекет болмасын оның экономикасында өте маңызды орын алады. Көліктік жүйе мемлекеттің денесіндегі қан жүрер тамырлары іспетті, оның дамуынан, ұйымдастыру деңгейінен, сол мемлекеттің жүк айналымы, жолаушылар тасымалдау қабілеттілігін анықтайды. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырған, ел экономикасының дамуына бірден – бір себепші болатын осы көліктік жүйе. Сол себептен елімізде үлкен мән беріліп, экономиканың көлік жүйесінің дамуына арнаулы бағдарлама қабылданып, бірнеше миллиардтаған қаржы бөлініп отыр [2.3]. Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы – оның технологиялық процессінің және цивилизациясының маңызды белгілерінің бірі. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген сұраныс европалық және әлемдік экономикаға бет бұрған сайын одан да күштірек қарқын алуда, көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіруі үшін және жоғары дамыған мемлекет ретінде орын алуы үшін негіз болады. Осыған сәйкес Қазақстан республикасының көлік коммуникациясының жағдайы европа интеграциясының талаптарына жауап беруі керек. Қазақстан республикасының көлік жүйесінің интеграциясы көрсеткіші болып жұмыс істеп тұрған көлік желілерін тиімді қолдану және олардың географиялық орналасуы мен коммуникациялық мүмкіндіктерінің артықшылықтарын жүзеге асыру болып табылады. ....
Қаланың автожолаушылар тасымалдауларын жүйенiң қызмет етуiн негiзгi мақсат қауiпсiздiктiң талаптарды сақтаумен пункт тағайындауына дейiн әр түрлi елдi мекеннiң соңғы тұрғындарын жылжудың мүмкiндiгiн беруi, жабдықталғандық және қолайлы жағдайларға байланысты болып табылады. Елдi мекен шеңберлерiндегi тасымалдаудың қызметi биiк әлеуметтiк мәнге ие болған байланыста, әсiресе тарифты анықтауда, жергiлiктi басқару органдарының рөлiн едәуiр қыздырмалайды. Олардың функциясына кiредi: • тасымалдауларды қауiпсiздiкке бақылау; • тарифтің орнатылуы • сұлбаның бекiтуi және маршруттың кестесiн анықтау • кәсiпорынды анықтау; • заңмен қойылған шеңберлердегi тасушыларын белсендiлiгiне бақылау. Қызметтердiң әлеуметтiк маңыздылығы тұрғынның әр түрлi топтары үшiн бюджеттен тариф және қосымша құрал-жабдықтарды шығару реттеу қажеттiлiкке алып келедi: әлеуметтiк ашық, мектеп оқушысы және студенттер. Толық өлшемде қойылған тарифтар әрқашан тиiмдi болмайды, ол кәсiпорын - тасушы қызметiлермен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Нәтижеде заң айырмашылықтың өтеуi «…тиiстi бюджеттiң құрал-жабдықтары қойылған тарифпен және есепке тасымалдаудағы нақты шығындар аралығын…» ескерген. Бұл айырмашылықтың анықтауы және мемлекеттiк органдар және кәсiпорындардың даулар және соттық тергеулердiң негiзгi моменттерi болып табылады. Дегенмен, консультанттың пiкiрi бойынша, бұл едәуiр кең мәселе және оның барлық республика шеңберлерiнде шешуге керек, жеке елдi мекен емес. Жүйелiк сәйкессiздiктердi iздеп табуы үшiн автожолаушылар тасымалдауларды негiзгi құрайтын жүйелер төменде сипатталған, дәл атап айтқанда: • қолданыстағы заңнама; • жүйе қатысушылары; • олардың функциясы және әрекеттесуі.
1. Нормативтiк - Заң базасы
ҚР автожолаушылар тасымалдары келесі нормативтік – заң актілер бойынша реттеледі: • ҚР Заңы 2003 жылдың 4 шілдесінен № 476-II автомобиль көлігі туралы; • А.б.міндетін Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі 2006 жылдың 26 сәуірінен № 101 жүйелi қала аралық, облыс, қалалық, қала маңындағы және жалғастыратын iшiндегі тарифтардың есептеуiн әдiстеменiң бекiтуi туралы елдi мекендер: поселкелер, ауылдар (ауыл ) республикалық мәннiң аудан немесе облыстық орталықтар, қалаларымен - жолаушыларды автомобилдiк тасымалдаулар және тендеме жүк; • басқа нормативтiк - құқықтық актiлер.
2. Автожолаушылар тасымалдауларды ұйымның процесi
Автожолаушылар тасымалдауларды ұйымның процесi келесідей этаптардан тұрады: • оның бойымен қозғалыс кестесi, маршрутты жасап бекiтеді; • маршруттың қызмет етуiн құқыққа жарыс ұйымдастырып жүргiзiледi; • кәсiпорынмен және жергiлiктi атқарушы органның аралығында келiсiм шарты қосылады, келiсiм шартының түбегейiнде маршруттың қызмет етуiн өндiредi; ....
Кіріспе Динамикалық қатардың мәліметтері тенденциялық өзгеруі мүмкін (өсуі, кемуі) және тербелісте болуы мүмкін. Мәліметтердің тербелісте болуына кездейсоқ жағдайлар әсер етеді, оны кездейсоқ тербелістер дейді, маусымдық құбылыстар әсер етеуі мүмкін, оны маусымдық тербелімтер дейді. Маусымдық тербеліс – белгілі бір уақыт периодында қайталады. Курстық жұмыстың мақсаты – темір жол жүк тасымалдарында қай маусым тиімді екенін есептеп шығару. Жұмыстың негізгі міндеттері: Маусымдық индексті анықтап, келесі жылға болжам жасау; Берілген мәліметтерге сүйене отырып, регрессиялық талдау жасау. Маусымдық ауытқу қазіргі кезде қай салада болмасын жиі кездесетін құбылыс. Әсіресе ол ауыл шаруашылығында, көлік, сауда, құрылыс салаларында кездеседі. 1. Маусымдық ауытқудың теориялық негіздері және есептеу жолдары.....