Таным процестері

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы тітіркеністері түйсік болып табылады.
И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анотомиялық-физиологиялық жүйке ақпараттарының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс) үш бөліктен түрады.Біріншісі сезім мүшесі (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргішті жүйелік қозғауға айналдырып отырады. Екінші бөлігі ─ миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөлігіне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті ─ мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
Психологияда адамдардың түйсінуіне алу қабілетін сезгіштік деп аталады. Сезгіштік: 1)абсолюттік; 2)айырма сезгіш деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз ─ сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік табалдырық ─ түйсік табалдырығының шегі. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен болса жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз ультра күлгін сәулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді.
Айырма сезгіштік деп ─ сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әр ьүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100 тең. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамды жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артықтылығы байқалады.
XIX ғ. орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э.Вебер (1795-1878) мен С.Фехнер (18011887) тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің психофизикалық заңы деп атайды.
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгертіп отырады. Бұл құбылысты адаптация деп атайды. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің дамуы

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Преизденті Н. Ә. Назарбаевты «Қазақстан 2030» бағдарламасында мектепалды даярлық тұжырымдамасының ІІІ – блогының «Мектеп жасына дейінгі балалардың психология» бөлімінде, «Балаларды мектепке психологиялық дайындау» - талаптары қойылған.
Қазіргі кезеңде балабақшаларда оқыту мен дамытуы үшін 3-4 сабақты, 4-8 минутты, 10-12 сағатты арнайды.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін дамыту.
Зерттеудің міндеті: Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің даму ерекшеліктерін анықтау.
- Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің зерттелу жайы;
- Мектепке дейінгі баланың сөйлеуінің қалыптасуы;
- Мектепке дейінгі баланың ойлауының дамуы;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін зерттеу;....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Мектепке дейінгі балалардың таным процестері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Преизденті Н. Ә. Назарбаевты «Қазақстан 2030» бағдарламасында мектепалды даярлық тұжырымдамасының ІІІ – блогының «Мектеп жасына дейінгі балалардың психология» бөлімінде, «Балаларды мектепке психологиялық дайындау» - талаптары қойылған.
Қазіргі кезеңде балабақшаларда оқыту мен дамытуы үшін 3-4 сабақты, 4-8 минутты, 10-12 сағатты арнайды.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін дамыту.
Зерттеудің міндеті: Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің даму ерекшеліктерін анықтау.
- Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің зерттелу жайы;
- Мектепке дейінгі баланың сөйлеуінің қалыптасуы;
- Мектепке дейінгі баланың ойлауының дамуы;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін зерттеу;
- Ландольт сақиналары әдістемесі зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау;....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Мектепке дейінгі жас кезеңіндегілердің таным процестерін зерттеу әдістері

1.Танымдық процестердің психологиялық мәні
Танымдық үдерістің бұл ерекше формалары тіл мен ойлау, сөйлеу секілді адамдық табиғаттың ең жоғарғы көрсеткіштерін құрауымен қоса, күнделікті өмірде туатын қажеттіліктерді де өтеуге бағытталады. Адамның танымдық әрекеті саналы, ғылыми дәйектелген шарттар қатарында өздігінен жүзеге асатын, адам болмысы итермелейтін рефлексті амалдардан да топталады.
В.И.Писаренконың «Когнитивтік лингвистика мен «когнитивтік» терминінің семантикасы туралы» атты мақаласындағы «Когнитивтік лингвистиканың пайда болуына әсер еткен когнитивтік ғылымның өзі де уақыт өте келе, әр түрлі мектептер мен ғылыми бағыттарға жіктелу негізінде дамып отыр, мысалы: когнитивтік психология, нейроғылым, антропология және т.б., сондықтан бір ғылым саласына қатыстылығынан туындаған когнитивтік терминнің ұғымдық ерекшеліктерін әр түрлі дәрежеде түсіндіруге болады» деген пікірге назар аударсақ, таным категориясының негізгі белгілері когнитивтік ғылымның мақсатына сай толықтырылып дамып отырады да, оның жалпы ұғымдық сипаттамасы жекеленген танымдық ғылыми бағыттардан, олардың бірліктері мен заңдылықтарынан сұрыпталады. Жаңа пәлсапалық энциклопедияда когнитивтік ғылымға «теоретика-информациялық модельдерді қолдану негізінде сана мен жоғары ойлау процестерін зерттейтін жүйе» деп анықтама берілген.....
Курстық жұмыстар
Толық