Тамақ және сусын Жемістер мен көкөністер (1-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Тамақ және сусын. Жемістер мен көкөністер (1-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:1.3.1.1 сөздерді дауыстап тұтас оқу
1.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау
1.4.4.1 әріптерді дұрыс байланыстырып, анық жазу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Сөздердің көбін дауыстап оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын мұғалімнің көмегімен артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
сөздерді дауыстап тұтас оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, анық жазады.
Кейбір оқушылар:
Сөздердің барлығын дауыстап тұтас оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, жазба әріптермен анық жазады.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық