Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы

Алыс замандарда өткен бабаларымыздың өмір –тіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп білуге негізделген,сол үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі-тас құралдар,соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары –жануарлардың сүйектері сақталған.Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес.Мұндай мәліметтер ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің біраз қырлары мен сырларын анығырақ түсіндруге мүмкіндік жасайды.Алайда ең басты хабарды алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы-еңбектің тас құралдары береді.
Белгілі бір әлеументтік экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған,оған сәйкес адамзат тарихы тас,қола мен темір және орта ғасырлар дәуірлеріне бөлінеді.Ал,өзінің рет-ретімен жоғарыда айтылған дәуірлер кезеңдер мен мәдениеттерге-палеолит,мезолит,неолит кезеңдеріне бөледі.
Көне тас ғасыры дәуірі адамзат және оның шаруашылығының қалыптасу кезі-өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Арнайы шаруашылық қам-харекеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шкетелген. Әуелгі адам жабайы өсетін дәндерді,жемістер мен жидектерді жинап,жануарларды аулаған.Адамдардың өзара қарым-қатынасы,мүшелерінің экономикалық теңдестігіне,еңбек бейнеті жынысы сипаты жағынан үжымдық қатынастар болды.
Адамдардың қоғамдық ұйымы палеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ жолына өтеді.Оның бастапқы кезі алғашқытабыр тобы-бас қосып қорғану және бассалу үшін,аң аулау,жиын-терін үшін бірлесу болды.Осынау рулық қатынасқа дейінгі әлеументтік құрылымдық қоғамдық қарым қатынасы мүлде дамымаған ,қауымдық үйшілік шаруашылығы болмаған,дегенмен де оларда некелік байланыстардың біраз реттелгені байқалады.
Алғашқы тобыр төменгі полеолиттің ертеректегі екі басқышына-шелльге дейінгі және шелль кезеңдеріне сәйкес келеді.Ашель заманында жаңа әлеументтік организм –алғашқы қауымға қажетті алғы шарттар біртіндеп толысып жетіле бастайды. Мустье дәуірінде отырықшылық ,еңбекті жынысы мен жасына қарап ,табиғи түрде бөлу жүзеге асады,қауымның бастапқы түрі пайда болады.кейінгі полеолитадами ұжымы әлеументтік жағынан жаңа бір қырынан сипатталады-оларда алғашқы рулық қауымның толысқан түрлері құрылады. Көптеген зертеушілердің пікірінше,осы бір сапалық секіріс неандерталдардың дене бітімі кәзіргі адаммен бірдей саналы жанға айналуына сай келеді.....
Рефераттар
Толық