Өнеге

Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар бар екен. Бұл шаһардың ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жай кісі болып, шаһарды, базарды аралап жүреді екен. Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей мұны сыртынан бағып жүреді. Бұл адам ерте де, кеш те бір қалыпта: басына, аяғына бір-бір кесек алтын қойып жатады. Ақырында, бір күні хан:

— Сен не қылған адамсың? – деп сұрайды.

Ол адам басын көтеріп:

— Мен ақыл сатушымын, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Қарт пен тапқыр жігіт

Бір қарт адам болып, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрасады да, барар жолы бір болғаннан кейін:

— Ата, жолды қысқартайық, – дейді. Қарт:

— Жол қалай қысқарады? – дейді. Жігіт:

— Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, – дейді. Шал ішінен:

— Япырым-ай, мынау бір кесепатты адам болмаса игі еді? Сөзінің түрі жаман екен. Ат-матыммен мені бұл қалай арқалайды? Мен қалай арқаламақшымын? – деп ойлап, жауап қайырмай, бетіне ажырайып қарап қояды. Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, орылмаған, бірақ пісіп тұрған егінді көріп:

— Ата, мына егін сіздің елдікі ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық

Атақты ұрыдан туған ақылдылық

Бұрыңғы өткен заманда Жылысбай деген бір кедей адам болыпты. Бар кәсібі ұрлық екен. Ұры болғанда ана-мына емес, баукеспенің өзі болыпты. Оның ұрлаған нәрсесін, дүниеде адам баласы сезіп, көз шалып көрмеген екен. Сиқырлығы жоқ болса да сиқыршылардан ептілігі асқан ұры болыпты.

Жылысбай ұрының жас ортасына келіп қалған кезінде көрген Сапар деген жалғыз баласы болған екен.

Жылысбай жасы ұлғайып, жалғаннан өтетініне көзі жетіп жалғыз баласы Сапардың өмірі туралы қиялды бір қайғы ойлапты. Қайғысы:

— Өмірімді дерлік ұрлықпен өткіздім. Дүниеден ұрлыққа менен епті, менен ыспар адам болмады. Ұрлықтың арқасында қарным аш, киімім жыртық болып көргем жоқ. Ал енді, міне артымнан алдым жуық, жасым болса ұлғайды. Ерте ме, кеш пе, бір өлімнің бары рас. Ажалым жетіп бір күні өліп кетсем, Сапарым қалай кәсіп етіп, қалай өмір сүрер екен. Кедейліктің.....
Ертегілер
Толық

Атақты ұры мен айбынды жолбарыс

Бір атақты ұры болыпты. Ол жапанда жаяу келе жатып бір керуеншілерден мінетін ат сұрайды. Керуеншілер басы артық ат жоқ екенін айтады. Ұры:

— Бәлем, қолыңнан бермегенді жолыңнан алармын,–деп керуеншілердің соңынан еріп отырады. Кеш болып, түн қараңғысын жамылғанда, керуеншілер бір тоғайдың шетіне келіп қонады. Ол тоғайда керуеншілерді тонайтын бір жыртқыш жолбарыс бар екен. Керуеншілер от жағып, көліктерін байлап тастап отырғанда, жолбарыс таяп келіп оттың сөнгенін бағып тұрады. Сол кезде ұры да жолбарыстың арт жағынан келіп керуеншілердің ұйқыға кетуін күтеді. Керуеншілер ұйықтады-ау деген кезде, ұры таяп келіп, ең жақын тұрған шұбарға сап етіп қарғып мінеді. Шұбар ат шошып ыта жөнеледі. Сонда ұрының салған әні......
Ертегілер
Толық

Қорыққан бұрын жұдырықтайды

Ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Мал дегеннен сауатын үш сиыры болыпты. Шал күн сайын сиырын жайып келеді де, кемпірі сүт пісіріп, тамақ істейді екен.

Бір күні сиырдың бірін қасқыр жеп кетеді. Кешкісін үйіне келген шал кемпірінен қорқып:

— Кемпір, екеуімізге екі сиыр болады ғой деп бір сиырды алтынға саттым, - деп өтірік айтып келеді.

Шал ертеңінде қалған екі сиырын өріске апарып жайып отырғанда, дағдылы қасқыр келіп, тағы бірін тартып жейді. Шал кемпіріне:

— Кешегі сиырды сатып алған саудагер артық алтын беретін болған соң, сиырдың бірін тағы сатып келдім, –дейді.......
Ертегілер
Толық

Есірік

Өте ерте кезде есірік деген ел болыпты. Ол елдің Әулеки деген биі болыпты. Әулеки би елдегі игі жақсыларды жиып, ислам діні шыққанына жар шашып, халқына ораза ұстауды, намаз оқытудың амалын іздестіреді. Жиылған адамның ешбірі ақыл айтпаған соң, бес мықты жігітті сайлап алып, елінен жеті жүз ділдә жиып береді де:

— Осыған ораза, намаз тауып сатып әкеліңдер. Егер тауып әкелмесеңдер, бастарыңды аламын,– деп бұйырады. Ораза- намаз іздеген Әулеки бидің бес жігіті ай жүріп арып, жыл жүріп жүдеп, батыстағы бір елге келеді. Ел ішіне келіп, өздерін түгендесе біреуі жоқ. Қалай санаса да төртеу болып шығады. Жігіттер осылай жоғын іздеп тұрғанда сол елдің түйеші шалы Мұрал қастарына келіп, неге әбігер болып жатқандарын сұрайды. Жігіттердің біреуі......
Ертегілер
Толық

Аңқау шал мен айлалы жігіт

Ерте, ерте, ертеде етек жеңін сүйреткен Есенбай деген шал болыпты. Есенбай, жаңадан алған тоқалы, асқан сұлу қызы-үшеу ғана тұрады екен. Шалдың сұлу қызына жігіттер қызығып, көз салып жүрсе керек.

Бір күні айлалы Асан деген жігіт шалдың үйіне келеді. Шал оны үйіне кіргізбей далада жүріп алады. Сол кезде, өлген біреуді жерлеуге әкетіп бара жатқан адамдарға қарап Асан:

— Анау адам өлген кісі ме? Әлде тірі кісі ме? – деп сұрайды Есенбайдан.

— Тірі адамды көрге апарушы ма еді, – деп ұрсады шал.

Асан тағы да:

— Мына егіннің иесі бар ма, әлде иесіз егін бе? – дейді......
Ертегілер
Толық

Аққайшы

Ерте заманда Әліп деген хан болыпты. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ұлы сиықсыз, ақылсыз, жігерсіз болған екен. Хан баласынын мұндай болғанына қатты қайғыланады. Көзім жұмылса мына жаман ұл, мирасқорым бола алмас, алтын тақ, қисапсыз мал-мүлік біреудің жемі болар деп ойлайды. Хан уәзірлері мен елдін игі жақсыларын жинап ақылдасады. Олар ханға:

—Балаңызға елден таңдап ақылды қыз алып беріп, одан немере сүйсеңіз, мирасқорыңыз сол болар, деседі. Хан бүкіл елден қыз таңдап, өзіне лайықты келін болар адам таппайды. Хан бір күні еліндегі атақты суретшіні шақырып алады да:

— Әлемдегі жанды, жансыз нәрсенің суретін көркем етіп сыз,-дейді. Суретші бірнеше ай бойы ұйкы-күлкі көрмей өнерін төге отырып, суреттерді салып бітеді.......
Ертегілер
Толық

Өліп тірілген қыз

Бір жарлы шал болыпты. Оның бір ұл, бір қызы болыпты. Ұлы мен қызы он жеті-он сегіз жасқа келгенде шалдың кемпірі қайтыс болыпты. Кемпірі қайтыс болған шал қолыңдағы бірлі-жарым ірі қарасы мен жиырма шақты ұсағын беріп, өзі сияқты бір кедейдің жалғыз қызына баласын үйлендіріпті. Шалдың келіні асқан сұлу болыпты. Үйленген соң көп кешікпей шалдың ұлы қайтыс болыпты да келіні жесір қалыпты. Шал келіні мен қызын асырап отыра беріпті. Келіні басқаға тұрмысқа шықпапты.

Күндерде бір күн шалдың үйіне үш кісі келіп қонады. Оның бірі қарапайым киім киіп, ел арасына сейілге шығып жүрген басқа бір елдің ханы екен. Оның көзі шалдың сұлу келініне түседі де:

— Мына келініңе құда түскім келеді, қалыңды мол берейін, маған бер, – деп шалға қолқа салады. Сонда шалдың келіні:

— Мен атама ұл орнына ұл, қыз орнына қыз болып отырмын. Маған үйленем десең, малдың керегі жоқ, атам мен қайын сіңілім......
Ертегілер
Толық

Жартыетек

[quote ]Бір байдың тоғыз ұлы болыпты. Бай сегіз ұлын үйлендіріп, отау түсіріп, енші береді. Ең кенжесі Жартыетекті үйлендірмейді. Жартыетек өркеуде, есерсоқтау, басқанын айтқан ақылына көне қоймайтын, кімнен болса да тайынбайтын жігіт екен. Жартыетек бір күні әкесіне:

—Әке басқа ұлдарыңды үйлендіргенде мені неге үйлендірмейсің? Малың жетпей ме? – депті. Сонда әкесі:

— Е, балам, дәулетімді аяп отырғаным жоқ. Ел-жұртқа пәленшенің баласынша деген ұятқа қалдыра ма деп өзіңе сенбей отырмын, – депті

— Сонда мен басқа ұлдарыңнан жаман болғаным ғой!?

— Жоқ жаман емессің, бәрінен де өжетсің. Тек өзіңнен басқаның ақылын алмайсың, өлеріңді білмейсің, – дейді әкесі.

— Мен ақыл мен қайраттан кенже емеспін. Өз ақыл қайратыммен......[/quote]
Ертегілер
Толық