Сәтбаев Қаныш

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу төрінің бірі-(бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. "Қаныштың әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын..."
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" демекші, табиғатынан зерек Қаныш 1909-1911 жылдары өзінің туған ауылындағы орыс - қазақ мектебінде оқып, 1918 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясын бітіреді. Одан кейінгі бірер жыл Семей қаласында, өз ауылында мұғалімдік қызмет атқарып, 1920-1921 жылдары Баянауыл ауданындағы 10-шы учаскесінің халық соты болды.
1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик болған) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М.А.Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтады.
Өзі өмірден озғанша ұстаз санаған профессор М.А.Усовтың ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі.....
Рефераттар
Толық