Сүйінбай мен Қатаған айтысы


1847 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

— Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә», — деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға. .....
Әңгімелер
Толық

Қазақ әдебиеті | Сүйінбай Аронұлы

Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны.
Өмірбаяны

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан .....
Рефераттар
Толық

Сүйінбай Аронұлы (1815–1898)

Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) – 19-шы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Сүйінбай жастайынан жыраулығымен елге танылды. Жамбыл ақын «Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтты. Ақынның арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болса, оның үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ.....
Рефераттар
Толық

Сүйінбай Аронұлы (Жұмыққа)

Атың емес, Жұмық - ай, ойың жұмық,
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім - ау көзді жұмып.
Сүйінбайды апарып көмгеннен соң,
Отырарсың жотада.....
Өлеңдер
Толық

Сүйінбай Аронұлы (Төрелерге)

Дәулетбақтан - Ноғайбай сен бір арсыз,
Байсүгір - Қараталдан тұғыянсыз.
Ыстанбек төремін деп мақтанбағын,
Бұл арсыздың ішінде сен де барсың.
Қаратал өмірінде.....
Өлеңдер
Толық