Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бағдарламалау (өтпелі тақырыптар: «Менің отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар») Сабақ тақырыбы: Өз ойын сценарийі Оқу мақсаты: 4.2.1.1 мәтінде қарапайым кестелер құру Сабақ мақсаты: • қарапайым кестені тұрғызу және толтыру.......
Сабақтың тақырыбы: «Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата - аналар! Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Биылғы 2018 - 2019 жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы. Ендеше, «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер! Мектеп деген білім күні, жыр күні, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға, Мектеп деген даналардың мекені. Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “Алғашқы қоңырау” атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!.....
Тақырыбы: Күздің алғашқы күні 1 Қыркүйек – Білім күні.
1. Жүргізуші: Қымбатты балалар. Құрметті ата – аналар мен ұжымдастар. Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше күн, алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы білім күні құтты болсын!
2. Жүргізуші: Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1 - қыркүйек. Бұл ата - аналар үшін де, балалар үшін де, тәрбиеші үшін өте қуанышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа лайықты білім алып, тәрбие алып жүрсіңдер. Білімге талпынған балапандар қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты болсын!
1. Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзді «Толағай» балабақшасының менгерушісі: Усенова Зәуреш Орунбасарқызына беріледі.
Жаңа білім күніңмен! Білім күні – мереке, Ән салсамда әдемі. Туған тілім – береке, Сөз арнасам кәделі!......
Тақырыбы: 1 Қырқүйек - Білім күні (Менің балабақшам)
Мақсаты: Білім тұралы мағлұмат беру. Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Егеменді ел Қазақстан жайында толық мағлұмат беріп, ой - өрістерін дамыту. Өз отаның сүюге, қастерлеуге баулу. Өз еліне деген қызығушылықтарын арттыру. Билингвальдік компоненті: Отан - Родин, Тәуелсіздік - независимость, Білім - знание. Іс - әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Жылулық шеңбері.
Армысың ба? Алтын күн! Армысың ба? Жер - Ана! Армысың ба? Достарым, Сендерді көрсем қуанамын......
Сабақтың тақырыбы: 1-Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)
Жүргізуші: Балалар, сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күнге күйіп, бойларың өскен. Қараңдаршы, біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар. Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын. Қане, бір - бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп амандасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні. Бұл күні балалар мектепке ағылады. Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады. Ал сендер балабақшаны, мерекелерді сағындыңдар ма? Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып, жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.....
Балабақша ауласы 1 - Қыркүйек - Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды. Қастерлемес даңқын кім, Қадірлемес салтын кім? Әнұраны елімнің, Үні, Тілі халқымның! (Әнұран орындалады)
Жүргізуші: Сәлем, достар, балалар! Жаңа білім күніңмен! Білім - күні мереке, Ән салсам да әдемі. Туған тілім - береке, Сөз арнасам кәделі!...
Сабақтың тақырыбы: Абай - дана, Абай - дара қазақта!
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру. 2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту. 3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу. 4. Дамытпалы поэзия сабағы.
Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш
Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. Сыныптан тыс іс – шара көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотасуреттер, слайдтар. Өткізілген күні: Қатысатын студенттер: 1-2 курс