Философия | Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.

Кіріспе
Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор.
Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Конфликтті шешу жолдары

Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.
Конфликті жағдайдың жағымды жақтары:
- Көптегн мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі
- Іс- әрекеттіңтиімді жолдарынның пайда болуына
- Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады.
Кері жақтары:
- Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді
- Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.
- Көптегн адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көлінің бөлінуі.
Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс.
Конфликттің негізгі құрылымдық компаненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс).
Ең кең таралған деп М. Дайчпен ұсынлған конфликттің типологиясын қарастырайық.
1. Шынайы жанжал. Бұл «объективті өмір сүретін және адекватты қабылданатын» жанжал.
2. Кездейсоқ не шартты жанжал. Жанжалдың бұл түрінің өмір сүруі «екі жақты мойындалмайтын немесе игерілмеген жеңіл өзгеретін» жағдайларға тәуелді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Әбу Насыр Әл-Фараби

Кіріспе
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухини байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі – қазақ топырағынан шыққан данышпан Абу Насыр Әл –Фараби. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамутудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайда білім паздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері

Кіріспе
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухини байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі – қазақ топырағынан шыққан данышпан Абу Насыр Әл –Фараби. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамутудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайда білім паздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Әл-Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Киниктер терминінің шығу тегі

«Киниктер» философиялық термині ежелгі грек тілінің «кюникос» - «иттік» деген сөзінен шыққан. Осыдан «иттік философия» және «иттік мектеп» ұғымдары пайда болды. Бұл термин кинизмнің негізін қалаушысы Антисфеннің толыққанды афиндық болмауына (әкесі – афиндық, анасы – фракияндық, толыққұқылы афин азаматы болу үшін әкең де, шешең де афиндықтар болуы тиіс еді) және Афины қаласының сырт жағында Геракл ғибадатханасының жанында орналасқан өзі сияқты әлеуметтік қысым көрген балаларға арналған гимнасияда білім алуына, одан кейін сол гимнасияда ұстаздық етуіне байланысты шыққан еді. Бұл гимнасия Киносарг деп аталды, қазақ тіліне «Қырағы ит» немесе «Ақ ит» деп аударылады. Бұл мектептің оқушыларын олардан сәттірек оқушылар иттер деп мазақтауы да мүмкін.Антисфен болса, бұл кемсітетін лақап атты мақтаныш ретінде қабылдады.
«Киник» терминінің шығу тегінің басқа түсіндірмесі киниктердің философиялық болмысынан бастау алады. Киниктер өз қажеттіліктерін шектегендігі соншалық, олар иттер сияқты тіршілік етті. Эллинизм дәуірінде және кейінірек киниктердің экстравагантты жүріс-тұрысы олардың дүниетанымынан шыққан және философияда ең басты тіршілік етудің формасы болғандығы сонша, оны жай ғана өмір салты ретінде қабылдап, кинизмде философияны көруге бас тартқан адамдарды естен тандыруды жалғастырды. Шынында да, киниктер ауызша жоққа шығарушылықтан гөрі практикалық дәлел күштірек деп ойлады. Яғни, «барлығын да іспен дәлелдеу керек» (Кинизмнің антологиясы. М., 1984. 164 б. Осыдан кейін – Анткин. 164 б).
Антисфен б.з.д. 444 жылы Афины қаласында туып, б.з.д. 368 жылы дүниеден өтті. Ол риторикалық білімін өзінің ең алғашқы ұстазы Горгийден алды. Содан кейін Сократтың шәкірті болды. Ежелгі деректерге қарағанда, Антисфен Сократты тыңдау үшін күн сайын Пиреядан Афиныға баратын (олардың арасы 8км). Ксенофонттың айтуы бойынша, Сократтың тірі кезінде Антисфен әрқашан оның қасында болатын.
Антисфен - өскелең жазушы. Кейін скептик Тимон кинизмнің негізін қалаушысын мазақтап, көптеген шығармалары үшін «мылжың» ( ДЛ. VI, 1) деп атайды. Лаэрттық Диоген Антисфен еңбектерінің үлкен тізімін келтіреді. Бұл тізімде алпыстан астам шығарманың аты бар. Солардың ішінде «Табиғат туралы» еңбегімен қатар филологиялық-риторикалық, гносеологиялық-логикалық және саяси-этикалық тақырыптарына жазылған шығармалар басым. Антисфеннің еңбектері біздің күнімізге дейін жетпеген. Олардың аттары ғана сақталды. Олар – жоғарыда аталған «Табиғат туралы» және де «Ақиқат», «Заң туралы», «Тәрбие туралы», «Еркіндік пен құлдық туралы», «Музыка туралы», «Өмір мен өлім туралы», «Игілік туралы», «Буын туралы», «Үстеу туралы» және т.б.
Антисфен өзінің жалпы және жеке туралы ілімін сократтық ілімінен өрбіткен. Яғни, шынайы білім деп тек ұғымдармен ғана сипатталатын білімді атауға болады. Осы бағытпен келе жатып Антисфен философия тарихында алғашқы болып түсінікке анықтама беруге талпынды. Бұл анықтама бойынша ұғым заттың не екендігін немесе қандай түрде болатындығын ашып көрсетеді ( ДЛ. VI, 1). Аристотельдің айтуы бойынша Антисфен қандай да бір заттың анықтауының мүмкіндігін және жекенің жалпыға жақындауын жоққа шығарды. Сонымен қатар, кинизмнің негізін қалаушысы заттың қандай да бір қасиет пен белгіні анықтау мүмкіндігін де теріске шығарды. Оның ойынша, әрбір пайымдау субъектісі туралы ол деп, оның не екендігін ғана айтуға болады. Мысалы, «Сократ – ол Сократ», бірақ «Сократ – философ» деп пайымдауға болмайды. Антисфен ілімінің бұл жағы туралы Аристотельден белгілі болды. Антисфеннің пайымдауынша, «бір нәрсе туралы бір ғана ой, яғни оның атауын ғана айтуға болады(логос)» (Метаф. V, 29) Осыған орай Аристотель Антисфеннің «өте акңқау» болғандығын айтады.
Антисфеннің «Сократ – ол Сократ» сияқты тавтологиялық пікірлері киниктердің қарама-қарсылық философияның түсінігімен байланысты. Бірақ, біз ненің неден шығатынын білмейміз: қарама-қарсылық ілімі пайымдау ілімінен , әлде керісінше, пайымдау ілімі қарама-қарсылық ілімінен шыққан. Аристотель бойынша біріншісі дұрыс: Антисфеннің пікірінше заттардың тек атаулары мүмкін дегенді айта келе, ол «осыдан ешқандай қарма-қарсылықтың жоқ екендігі байқалады» деп қосады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары

Кіріспе
1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары өріс алған қоғамдағы келеңсіз жағдайлар батысқа еліктеу, жастарымыздың рухани дүниесінің әлсіреуіне әкелді. Қазіргі таңда көптеген ақпараттарды теледидардан, интернеттен және т. б. алады. Ол жастарымыздың санасын улап жатыр. Сондықтан осы уланған сананы дұрыстау, жақсы тәрбие беру жастарымызға Ислам құндылықтары көп пайдасын тигізеді. Сондықтан Ислам құндылықтары қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да күрт өзгерту қажет. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Авторитарлық әкімшілдік қоғам тұлғасыз қалады, руханилықты (шайтан өрнек) идеология ауыстырады. Осыдан әлеуметтік өмірдің түрлі қырлары тұманданып, өктемдік саясат, бюрократтық жүйе, таптық принцип өз үстемдігін жүргізеді.
Міне осы мәселелерге, әсіресе ұлттық санаға байланысты ұлт құндылықтарына тікелей қатысы бар дүниелер атүсті қарастырылып, жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келеді. Мұның барлығы тіліміз бен дінімізден қол үзуге, ой-санамыздың өзгеруіне, тіпті мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық тәрбиенің өзіндік нәрін жоғалтуға алып келді. Ал, қазір егемендік алып, өткеніне оралып, жоғалтқанын қайта тауып, көнергенін жаңартып, ХХІ-ғасырда “өзге дамушы елдер үшін үлгі боларлықтай” дәрежедегі Орталық Азия Барысына айналғалы отырған Қазақстан үшін өткен тарихын ой көзімен бір шолып қарап, өз тарихындағы пайдалы дүниелерді қажетіне жарату, жаңғырту қажеттігі туып отыр. Өткеннің озық философиялық дәстүрін оқып-үйренудің тарихымызды тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде, қазіргі философиялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге асыруда, ұлт менталитетінің қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткені елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешімін табу үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихтың, озық ғылымның, өрелі мәдениеттің иесі болу.
Ал, ислам құндылықтарының қазақтың тарихы мен мәдениетімен тамырластығы, сабақтастығы дау тудырмайтын ақиқат. Бұған қазақтың бүкіл әдет-ғүрыпы, салт-дәстүрі, қанатты ойлар, адамгершілік, ізгілік, имандылық идеяларының өзінің түпкі тамырын сақтап, мұсылмандық құндылықтармен үндестігі және бар болмысымен соған негізделгені дәлел.
Ислам құндылықтары өзінің ізгілік пен әділеттілікке, адамдардың теңдігі мен бостандықтарына басты назар аударатындығымен, қарапайым, сонымен бірге терең сырлылығымен, және әмбебаптығымен, мәдени-этикалық идеяларының жүйелілігімен, өміршеңдігімен дараланады.
Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық-тарихи әлеуметтік саяси жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі, халықтың рухани бастауларына көңіл аударуы және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеу, толықтыру, жаңа қоғамдағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезінде Ислам құндылықтарын талдау, оның жалпыға ортақ рухани маңызды, өміршең идеяларын айқындап көрсету Қазақстан қоғамы үшін өзекті де қажетті толықтыру болмақ. Исламның қоғамдағы рухани-мәдени құндылықтарын қазіргі маңыздылығын зерттеудің қажеттігін осыған тірейміз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Адамның әлеуметтік болмысы: жағдайы қажеттілігі сезімі мәселесі

КІРІСПЕ
Эрих Фромм неміс-американдық философ, социолог және психолог, неофрейдизмнің негізгі өкілі. Ол 1900 жылы
Франкфуртте, Германияда дүниеге келген. Фромм отбасының жалғыз ұлы болды. Ол екі түрлі дүниені – ортодоксалды еврейлік және християндықты біліп өсті. 1922 жылы Гейдельберг Университетінде философия докторы атағыналды, 1923-1924жылдар Берлиндегі Психоаналитикалық институтта психоанализ курсын өтеді, 1929-1932 жылдары - Франкфуртта әлеуметтік зерттеу Институтының қызметшісі болды. Кейіннен 1933 жылы АҚШ-қа келіп У.Уайт атындағы психиатрия институнда жұмыс істейді. Колумбиялық және Йельдік университеттерінде сабақ береді. 1951-1967 жылдары Мексикада тұрады, Мехикадағы Ұлттық университетте психоанализ Институтын басқарады. 1974 жылы Швейцарияға келеді. Европада бірінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде Фромм 14 жаста болатын. Ол осы соғыстың адамдық иррационалдылығы мен қиратушы бейімділігіне қайран болды. Кейіннен ол, "Мен бұл соғыс қалай пайда болды, және адамдар табының мінез-құлығының иррационалдылығын қалай түсінуге болады, деген сұрақтар ойландыратын өте терең қамданған бала едім" деп жазды. Осы сұрақтарға жауабында оған З.Фрейд пен К.Маркстің үлкен әсер еткені көрінеді. Фрейд еңбектері, оған, адамдар өз жүріс-тұрысының себебін түсінбейтінін ұғынуға көмектесті. Марксті оқи отырып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне маңызды әсер еткенін түсінді. Фромм Фрейд пен Маркстің ойларын салыстырады, олардың көзқарастарының қайшылықтарын көрсетіп синтез жасауға тырысады. Фромм Марксті Фрейдке қарағанда өте терең ойшыл деп есептейді; және психоанализді негізінен Маркстегі кемшіліктерді толықтыру үшін қолданады. Фроммға сонымен бірге Спиноза мен М.Экхарттың ойлары үлкен әсер етті. Фроммның негізгі еңбектері: "Еркіндіктен қашу" 1941 ж., "Адам өзі үшін" 1947 ж., "Салауатты қоғам" 1995 ж., "Махаббат өнері" 1956 ж., "Зигмунд Фрейд миссиясы" 1959 ж., "Карл Маркстегі адам концепциясы" 1961 ж., "Адам жүрегі" 1964 ж., "Үміт революциясы" 1968 ж., "Адам деструктивтілігінің анатомиясы" 1973 ж., "Иелену немесе болу" 1976 ж. Фромм Маркстік, философиялық-антропологиялық, экзистенциалдық және психоаналитикалық идеялардың жалпылығын білдіретін ілімді жасай отырып адам тіршілігінің дихотомиясын шешудің тәсілін табуға, адам жатсынуының түрлі формаларының жойылыуын шешу тәсілін, батыс өркениетінің дұрысталу жолын анықтау тәсілін табуға және тұлғаның еркін және творчествалық даму болашағын көрсетуге тырысады. Фрейд биологизмнен бас тартып, Фромм әлеуметтік мәдени себептермен қамтамасыз етілген, басылған сексуалдыққа жанжалды жағдайды араластыра отырып бейсаналық символикасын қайта қарайды, адам психикасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыстырыушы түйіні ретінде "әлеуметтік сипат" ұғымын еңгізеді, батыс мәдениетінің даму тенденцияларын зерттейді. Экзистенденциялды лихотомияның жеке шешіміне Фромм адамның махаббатқа, сенімге, және ойлауға адамның ішкі қабілеттерін байланыстырады. Ақыр соңында адамның жаппай жатсынуы қоғамда өзінің шынайы емес тіршілігін сезіну, өзінің "сыни Менін" иелену орнына "өзіндігін" иелену және өзінің мәнін жүзеге асыруын сезіну, өмірді гүлдендіретін көзқарастың және ішкі моральдық жаңарудың пайда болуы, жеке адам мен табиғат арасында, тұлға мен қоғам арасында үйлесімділікті орнату -мұның барлығы адамдарды олардың болмысының қиялынан босатудың әлеуметтік тиімді құралы ретінде Фроммен ұсынылған "гуманистік психоанализді" қолдану негізінде мүмкін болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның еркіндік туралы түсінігі тарих ағымы мен қоғамның дамуымен өзгерістерге ұшырады. Алғашқы қауымда адам ол туралы көп ойланбаған, себебі тамақ табумен қолы босамады. Бір ғасырдан кейін, анығырақ айтқанда, оның жоқ болуы, құлдық құрылым мен “ мұнараға тасталынумен ” сәйкес болды. Адам “ тамақ ” мәселесін шешкеннен кейін, бос уақыт пайда болды, адам ойлана бастады, осылай философия пайда болды. Оның “ ойланған ” барлық көптүрлігінің ішіндегісінің бірі “ еркіндік ” мәселесі болды. Қоғамда тұлға еркіндігі қоғам қызығушылықтарымен шектеледі. Әр адам – жеке тұлға, оның қызығушылықтары әрқашан да қоғам қызығушылықтарымен сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда қоғамдық заңдар ықпалындағы тұлға жеке жағдайларда қоғам қызығушылықтарымен сәйкес іс-әрекет етуі тиіс, ондай жағдай болмаса, ол адам қоғам атынан жазаға ұшырауы мүмкін.
Қазіргі заман жағдайында, демократияның дамуы дәуірінде тұлға еркіндігі мәселесі одан әрі глобалды бола түседі. Ол қазіргі уақытта кез-келген саясаттың негізі болып қатаң қорғалатын тұлғаның еркіндігі мен құқықтары туралы заңды актілер сипатындағы халықаралық ұйымдар дәрежесінде шешіледі.
Философияның ең басты мақсаты – білімнің мағынасын ашу. Бірақ тарих көрсеткендей, осындай түсіндіру философиямен бір уақытта туындамаған. Бұл ең біріншіден, еуропалық философия дәстүрін адамды қоршаған табиғатты ұғыну ретінде ашқан көнегрек философиясы. Бірақ, адамның тек қана белгілі бір кластың, белгілі бір қоғамның мүшесі ретіндегі өзіндік дамуы емес, ол өзінің индивидуальдылығын ұғынатын тұлға ретіндегі дамуы, сонымен қатар, философия ұғымдық білім ретінде өзінің құрылымдарын жаратылыстық ғылым ойының нәтижелерімен ұштастырып, онда білімді түсіндіруге қатысты әр-түрлі сұрақтар айрықша орын ала бастады. Демек, оны ықпалды көнелік философиялық білімдер – Платондық, Аристотельдік, едәуір мөлшердегі демокриттік білім, өздерінің болмысқа және мәнге қатысты түсініктерін белгілі бір білімді түсіндіретін негізгі қағидалармен тікелей байланыстырып құрды. Демек, таным теориясының, гносеологияның сұрақтары болмыстың, онтологияның сұрақтарынан туынды болып қарастырылды. Осындай философияның онтологиялық мақсаты немесе бағыты ортағасырдағы схоластикалық философия құрылымдарында күшейе бастады. Мұндай схоластиканың онтологиялық бағытының маңызды гносеологиялық себебі – ортағасыр жағдайындағы ғылыми білімнің өте баяу дамуымен түсіндіруге болады. Спиноза дәуіріндегі философиялық жағдайдың күрделі өзгеруі, ең біріншіден, көптеген еуропа мемлекеттерінде ресми философиялық доктрина болып саналған схоластикалық философияның қағидалары және мақсаттарына қарсы бағытталған күрестің нәтижесі еді. Осы схоластикаға қарсы күрес – философиялық білімдерді жетілдіру куресі болды. Өз кезегінде, мұндай жетілдіру интенсивті ғылыми прогресс жағдайында мүмкін еді, яғни осындай жағдай көптеген білім салаларында жүзеге аса бастады, әсіресе математикалық және тәжірибелі жаратылыстануда байқалды. Ғылымның, философия тарихының, жалпылай алғанда рухани мәдениет тарихының дамуы мынаны дәлелдейді: ғылыми білімнің прогресі тәжірибелі жаратылыс танусыз және оның математикалық ұғынусыз мүмкін емес. Тәжірибе және математика – осы екі ғылыми білімнің құдіретті қозғаушы күштері көнелікте бар болатын, дегенмен, антика мәдениетінде олар әр қашанда бір-бірінен алшақтап тұратын. Антикадағы философиялық ілімдер тәжірибелі білімдердің және математикалық білімдердің ерекшеліктерін көрсетті. Ал схоластикалық философия болса, антикалық философияның көптеген ұғымдары мен категорияларын мұраланып, соңынан олармен толық байланысын жоғалтты. Сөйтіп ортағасырдың соңында, қайта өрлеу дәуірінде эмпирикалық жаратылыстану қарқын дами бастағанда, осы дәуірде математиканың жаңаша өркендеуі басталды, ал философтар схоластикалық қағидалар мен мақсаттарға қарсы күрес барысында жаңа жаратылыстанудың нәтижелерін ұсынуға бет бұра бастады. Алдынғы қатарлы философтардың философиялық білімді жетілдіруге деген талпынысы жаңа ғылымның тәсілдері мен нәтижелерін қорытындылау және ұғыну дегенді білдірді....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Діншілдік дүниетанымының деңгейі

Кіріспе
Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама. Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс.
Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады.
Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.
Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымдығы сан қырлы мән мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты.
Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді.
Дінді әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады.
Сонымен қатар дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты.
Қоғамдағы діннің орны мен қызметі өте күрделі. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрінеді.
Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты. Бірақ әңгіменің бәрі мынады еді, жаңа заманда еуропа тарихындағы болған оқиғалардағы нақты көрініс берген діни дау-дамайлар мен әлеуметтік жан-жалдардың қайнар көзі болады. Діннің қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қауіп тудырмайтындай әрекетіне жағдай жасап, дінге қоғамнан лайықты орын беру қажет болды. Локк дін мен әлеуметтік өмірдің бұлай үйлесімділігінің бір мүмкіндігі деп, дінді «ресми емес» деп алып мемлекеттен бөлу керек деді.
Руссо да өзінің діңге байланысты «Қоғамдық келісім» деп аталатын еңбегінде болашақ дін социологиясы және қоғамды интеграциялаушы ретінде дін туралы жаңа тезис туындайды дейді.
Бұдан басқада ғалымдар дін жайлы өз пікірлерін айтып өткен.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі кезде өзекті мәселе болып тұрған проблемаларын шешу жолындарын табу барысына негізделіп жүргізілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақ күй философиясы

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қай халықтың болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды (дауысты) және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халаық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары.
Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімімен тығыз байланысып, өмірінен қуат алған, рухани өмірдегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы.
Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма-құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір-тіршілігімен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды.
Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты.
Ғасырлардан ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып, қастерлей білгеніміз жөн. Бұлардың адам жадынан түспей бірге жасасып келуінде табиғилық басым болатындығында. Олай болатыны бізге жеткен әрбір күйдің сарынынан ата-баба өмір сүрген ежелгі ортаның кескін-келбетін, соған тән құбылыстар мен оқиғаларды көргендей, бүкіл жан дүниеңмен сезінгендей күй кешесің. Бейнелеп айтар болсақ, күйлерден аспан мен жер аралығында адам танып түсінер, табындырар іс-қимыл әрекеттердің түр-түрі орын алып жатыр.
Аққудың сұңқылы, қаздың қаңқылы, желдің гуілі, бұлақтың сылдыры, қамыстың сыбдыры, ат тұяғының дүбірі, ботаның боздауы, қасқырдың ұлығаны, бұлбұлдың сайрағаны т.т. бірде бірі күй әлемінен тыс қала алмаған.
Күйлер адамның ішкі сезім дүниесін, оның жеке басының көңіл – күйін, қуанышы мен қайғысын, аңсаған арманын, өмір сүрген қоғамын, тіршілік дүниесін, қоршаған табиғат анасын - өзен-суын, орман – тоғайын, асқар таулары мен байтақ даласын паш етіп жырлайтын шығармашылық жанрға айналды. Көптеген күйлер, алайық “Ақсақ құлан, “Ботасы өлген бозінген, “Саймақтың сары өзені, “нар идірген, “Ертіс толқыны, “Аңшының зары т.б. тарихи оқиғаларды баяндаса, енді бірқатары әлеуметтік өмір тынысына үн қатып, ел өмірінің қайғысы мен қуаныш сезімдерін толғады /1/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық